KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16116316
2019 жылы:  1578098
бүгiн:  17133
қазiр:  163
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Ұлттық библиография қызметі / 2016

2016

Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер. Серия 7: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы. -  - Алматы, 2016. - Қазақ, орыс тілдерінде.

1 шығ. - 51 б.
 
Мәдениет, тіл білімі, әдебиет пен өнердің жалпы мәселелері, кітапхана ісі, библиография, мұрағат ісі,  әдебиет теориясы, халық ауыз әдебиеті, бейнелеу өнері, театр, кино өнері және т.б. салалар бойынша материалдар жинақталған. Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді.  Журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, тиісті басқару жүйелеріне және мамандарға, аспиранттар мен студенттерге арналады.

Қоғамдық ғылымдар. Серия 6: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы.- Алматы, 2016. – Қазақ, орыс тілдерінде.

1-шығ. - 67 б.
2-шығ. - 51 б.

Журналда ғылымдар тұтас қамтылып, философия, тарих, социология, мемлекет және құқық, саясат, экономика, ғылымтану, білім, педагогика, жалпы коммуникация, журналистика, ақпараттану, дін т.б. салалар бойынша  материалдар  жинақталған.  Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді. Реферативтік журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, басқару органдарына және мамандар, аспиранттар, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналады.

Кенжетаев Кәукен = Кенжетаев Каукен: ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Ш.Б. Салқанова, Ш.Б. Үсенбаева; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. - Алматы, 2016. - 85 б. – Қаз., орыс тіл. (Қазақстан өнері = Искусство Казахстана).

Көрсеткіш актер, Қазақстанның халық артисі, опера әншісі, режиссер, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың иегері, профессор Кәукен Кенжетайұлының 100 жылдық мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1957 жылдан 2016 жылдың ақпан айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Көрсеткіш ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, жалпы оқырман қауымға арналған.
 
 
Художественная литература Казахстана (1978-1987): библиографический  указатель / сост.: Э.Г. Оразбакова, Р.Т. Аженова; ред.: А.Ш. Сайдембаева. – Алматы: ИП «Кайнар принт» Малик Н.Б., 2016. – на рус. яз.
Кн. 1. – 543 с.
Кн. 2. – 414 с.
 
Библиографиялық көрсеткіш 1946-1978, 1958-1967, 1968-1977 жылдардағы көркем әдебиеттің дамуын көрсететін көрсеткішттердің жалғасы болып табылады. Көрсеткішке Қазақстан жазушыларының 1968-1977 жылдар аралығында орыс тілінде жарияланған шығармалары, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әдеби жинақтар және әдебиеттану мәселелері жөніндегі еңбектер енгізілді. Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушыларға, кәсіби мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналған. Орыс тілінде.
 
 
Олжас Сүлейменов: библиографиялық көрсеткіш = Олжас Сулейменов: библиографический указатель = Olzhas Suleimenov: bibliographical index / ҚР Ұлттық кітапханасы; ғылыми ред. және алғы сөзін жазған С. Абдулло; ред.: М.К. Әбілова, Ә.Ш. Сәйдембаева; құраст.: М. Оқап, Д.Ә. Қыстаубаева, Н.М. Әлмерекова. – Алматы, 2016. – 464 б. – Қазақ, орыс, шетел тілдерінде.

Көрсеткіш ақын, кинодраматург, публицист, зерттеуші ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 80 жасқа толуына арналған. Көрсеткіште 1959 жылдан бастап 2016 жылдың сәуір айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген материалдар көрсетілген. Көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, мамандарға, жазушының еңбегін зерттеушілерге, кітапханашыларға және әдебиетті сүйіп оқитын көпшілік оқырмандар қауымына арналған көрнекті библиографиялық құрал.

 Қазақстан Республикасының 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі = Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан на 2016 год / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Ш.Б. Үсенбаева; ред. А.Қ. Жақыпова; басылымға жауапты  Ә.Ш. Сәйдембаева. - Алматы, 2015. - 270 б. – қаз., орыс тіл.

Күнтізбеге жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген. Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен мекемелер тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*) белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген. Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.


Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование