KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16115635
2019 жылы:  1577417
бүгiн:  16452
қазiр:  79
Негізгі бетке өту
ӘДІСКЕР ПАРАҚШАСЫ / Жаңалықтар

   2018 жылғы 1 наурызда, «Алғыс айту» күніне орай Ашық есік күні ұйымдастырылып «Білімді ұрпақ – рухани жаңғырудың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

   2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
   ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандары флеш-моб билеп, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының және Құрманғазы атындағы Ұлттық мемлекеттік консерваториясының студенттері мерекелік эстрадалық концерт  қойды.
   «Білімді ұрпақ – рухани жаңғырудың кепілі» атты дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Қаскелең мәдениет колледжінің студенттері қатысты.
   Дөңгелек үстелге қатысқан жастар әлем халықтарының алты тілінде рахмет айтумен бастады және рухани жаңғыру арқылы әлем мойындар табысты ел болып,  Қазақстанның игілігі жолындағы өзекті ойларын ортаға салған жастардың пікірі жарқын болашаққа деген сеніммен үндесті.
   Студенттер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі алты бағыттағы жобаларын іске асыру бойынша слайд түрінде баяндама жасады. Уильям Шекспирдің шығармасын ағылшын тілінде оқыды. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері  халық әндерін, күйлерін орындап, Қаскелең мәдениет колледжінің студенті Қ.Мұсахан өз қаламынан туған өлеңдерін оқыды.
     

     

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование