KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16115725
2019 жылы:  1577507
бүгiн:  16542
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
ӘДІСКЕР ПАРАҚШАСЫ / Жаңалықтар

   2017 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жетекші мамандары С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-да Латын әліпбиін оқыту бойынша орталықтың ашылуына байланысты онлайн-кездесу өткізді.

   Кездесуді ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова ашып, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы өкімі қазақстандық жұртшылықтың замануи әлемде шоғырлануына мүмкіндік беретінін атап өтті, сондай-ақ, С.Мұқанов атындағы ОӘҒК ұжымын Орталықтың ашылуымен құттықтап, бастамаларына сәттілік тіледі.
   Онлайн кездесуге:  Солтүстік Қазақстан облысының педагогтары, ғалымдары мен журналистері А.Ғ.Ибраева, З.С.Тайшыбай,  Ж.С.Таласпаева,  Т.А.Сүгірбаев,  Ж.У.Тәжин, М.З.Оспанова, Д.Қ.Қасымов және т.б. қатысты. Олар алдағы уақытта ақпараттық шекараны кеңейтетін және Қазақстанның біріктіру үдерісіне жәрдемдесуге мүмкіндік беретін жаңа әліпбиге көшу мәселесі туралы өз ойларымен бөлісті.  
   ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Т.А.Замзаева Солтүстік Қазақстандағы әріптестерімізге Ұлттық кітапхананың сирек қорындағы латын графикасымен басылған қазақ баспа кітаптарын және каталогтарын таныстырды.
   Кездесу барысында С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  ұйымдасырған «Ry'hani' jan'g'yry': Latyn  grafikasyna ko's'y' - y'aqyt talaby»-«Рухани жаңғыру: переход на латинскую графику – веление времени» суретті кітап көрмесі және ҚР Ұлттық кітапханасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» кітап көрмесі таныстырылды.

     

                                          


Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование