KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16115655
2019 жылы:  1577437
бүгiн:  16472
қазiр:  83
Негізгі бетке өту
ӘДІСКЕР ПАРАҚШАСЫ / Жаңалықтар

   2017 жылғы 3 қарашада «Қазақстан кітапханаларының құқықтық және кадрлық тұғырнамасын жаңғырту» атты облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар директорларының кеңесі өтті.

   Кеңесте «ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге арналған моделді кітапханалық кодекстің» 2016 жылғы жаңа редакциясы туралы мәселелер қарастырылды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Кітапхана ісі туралы» Заңының жобасына ұсыныстар енгізіліп, жаңадан қабылданған Типтік квалификациялық сипаттамалардың кітапханалардың замануи қызметіне сәйкестігі (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығы) жайында талқылау өтті.
   Облыстық кітапхана директорлары «Ауылдық кітапханаларды мәдениет, ағарту, бос уақыт өткізу орталығы ретінде жаңғырту туралы ереже», «Қазақстанның кітапхана ісі саласы мамандарын сертификаттау орталығы» атты бірнеше жобалармен танысты.
   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлесіп ашқан Латын әліпбиін үйрену орталығының ашылу салтанаты болды. Орталықтың ашылу салтанатына: Қазақ тілі қоғамының президенті, ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбайұлы, Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Алиев Данияр, Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Нұрмұқа Рысбайұлы Шаймерденовтер қатысып,  сөз сөйледі.
   Сонымен қатар, «Туған өлкем» ақпараттық порталының тұсаукесер рәсімі болып өтті. 
   Іс-шара аясында  осы тақырыпта  ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көрме ұйымдастырылды. 

        

     

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование