KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16115729
2019 жылы:  1577511
бүгiн:  16546
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Ұлттық библиография қызметі / 2015

Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер. Серия 7: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы. -  - Алматы, 2015. - Қазақ, орыс тілдерінде.

1 шығ. -74 б.

Мәдениет, тіл білімі, әдебиет пен өнердің жалпы мәселелері, кітапхана ісі, библиография, мұрағат ісі,  әдебиет теориясы, халық ауыз әдебиеті, бейнелеу өнері, театр, кино өнері және т.б. салалар бойынша материалдар жинақталған. Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді.  Журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, тиісті басқару жүйелеріне және мамандарға, аспиранттар мен студенттерге арналады.

Қоғамдық ғылымдар. Серия 6: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы.- Алматы, 2015. – Қазақ, орыс тілдерінде.

1-шығ.- 66 б.

 Журналда ғылымдар тұтас қамтылып, философия, тарих, социология, мемлекет және құқық, саясат, экономика, ғылымтану, білім, педагогика, жалпы коммуникация, журналистика, ақпараттану, дін т.б. салалар бойынша  материалдар  жинақталған.  Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді. Реферативтік журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, басқару органдарына және мамандар, аспиранттар, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналады.

Бердіғалиева Роза (1945-2015) = Бердигалиева Роза (1945-2015): библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст: Д.А. Қыстаубаева, Ә.Ш. Сәйдембаева; ред. Б.К. Оспанова. - Алматы, 2015. - 126 б. - қаз., орыс тілдерінде.

Библиографиялық көрсеткіш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның кітапхана ісі саласының көшбасшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Бердіғалиева Роза Аманғалиқызының 70 жасқа толуына арналған. Көрсеткішке 1970 жылдан бастап 2015 жылдың наурыз айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген басылымдар қамтылды.
Көрсеткіш мәдениет саласының қызметкерлеріне, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.  

 
Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы = Тлендиев Нургиса Атабайулы: ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы; құраст.: Д.А. Қыстаубаева, Ш.Б. Үсенбаева; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева. - Алматы, 2015. - 545 б. – қаз., орыс тілдерінде. (Қазақстан өнері = Искусство Казахстана).

Көрсеткіш композитор, дирижер, домбырашы, Қазақстанның Халық Қаһарманы, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ұлы Отан соғысына қатысушысы Тілендиев Нұрғиса Атабайұлының 90 жылдық мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1951 жылдан 2015 жылдың наурыз айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық әртісінің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналады.

 Қазақстан Республикасының 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі=Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан на 2015 год: ұсыныстық әдебиеттер көрсеткіші / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Ш.Б. Үсенбаева; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева.- Алматы, 2014. - 213 б. – қаз., орыс тіл.

Күнтізбеге жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген. Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен мекемелер тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*) белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген. Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.


 

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование