KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 17 Шілде 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
барлығы:  16415731
2019 жылы:  1877513
бүгiн:  11582
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Ұлттық библиография қызметі / 2014
Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер. Серия 7: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы, 2014.- Қазақ, орыс тілдерінде.
1 шығ. -69 б.

Мәдениет, тіл білімі, әдебиет пен өнердің жалпы мәселелері, кітапхана ісі, библиография, мұрағат ісі,  әдебиет теориясы, халық ауыз әдебиеті, бейнелеу өнері, театр, кино өнері және т.б. салалар бойынша материалдар жинақталған. Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді. Журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, тиісті басқару жүйелеріне және мамандарға, аспиранттар мен студенттерге арналады.

Қоғамдық ғылымдар. Серия 6: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы.- Алматы, 2014.- Қазақ, орыс тілдерінде.
1-шығ.- 60 б.
2-шығ.- 63 б.

Журналда ғылымдар тұтас қамтылып, философия, тарих, социология, мемлекет және құқық, саясат, экономика, ғылымтану, білім, педагогика, жалпы коммуникация, журналистика, ақпараттану, дін т.б. салалар бойынша  материалдар  жинақталған.  Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді.
Реферативтік журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, басқару органдарына және мамандар, аспиранттар, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналады. 

Аманжол Қошанов=Аманжол Кошанов: библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы ; құраст. З.А. Тоқбергенова, Р.Т. Аженова ; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева.- Алматы, 2014. - 168 б. - қаз., орыс тіл.

Көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қошанұлы Қошановтың 80-жылдық мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1964 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген әдебиеттер қамтылды. Көрсеткіш экономика мамандықтарының ғылыми қызметкерлері мен студенттеріне, әлеуметтік-экономикалық сала қызметкерлеріне және оқырман қауымға арналады.

Айманов Шәкен (Шахкерім) Кенжетайұлы (1914-1970)=Айманов Шакен (Шахкерим) Кенжетаевич (1914-1970): ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Д.А. Қыстаубаева, Ш.Б. Үсенбаева; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева.- Алматы, 2014. - 168 б.- (Қазақстан өнері=Искусство Казахстана). - қаз., орыс тіл.

Көрсеткіш актер, кинорежиссер, Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Айманов Шәкен Кенжетайұлының 100 жылдық мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1935 жылдан 2014 жылдың ақпан айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық әртісінің өмірімен және өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін көпшілік қауымға арналған.

Қазақстан Республикасының 2014 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі = Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан на 2014 год / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырғандар: Д.А. Қыстаубаева, Ш.Б. Үсенбаева; ред.: Ә.Ш. Сайдембаева, Б.Ш. Шаймерденова. - Алматы, 2013. - 251 б.- Қазақ, орыс тілдерінде.

Күнтізбеге жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген. Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен мекемелер тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*)  белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген. Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование