Қазақша     Русский     English
Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі
«Қазақстанның мәдени мұрасы» кітап топтамасы
Қазақстанның көркем әдебиеті топтамасы
Шет елдердің кітап бұрыштары
барлығы:  525250
2019 жылы:  94552
бүгiн:  632
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Кітап топтамалары / Қазақстанның көркем әдебиеті топтамасы

Қазақстанның көркем әдебиеті топтамасы

   «Қазақстанның кітаптары» бөліміндегі  Қазақстанның көркем әдебиеті топтамасы 12 мың данадан астам. Бұл қазақ  әдебиетінің классиктері А.Құнанбаев, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, И.Есенберлин, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, Ш.Кұдайбердиев, Б.Майлин, М.Мақатаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Г.Мұстафин, С.Сейфуллин, С.Торайғыров және т.б. қазақ және орыс тілдеріндегі  шығармалары.
   Топтамаға  ХХ ғасырдың екінші жартысында  басылған және заманауи басылымдар енген.  Танымал заманауи авторлардың арасында Ә.Әлімжанов, Н.Анастасьев, З.Ахметов, Г.Бельгер, Ш.Бейсенова, В.Владимиров, С.Елубаев, Д.Исабеков, Б.Канапьянов, Н.Келімбетов, З. Кыдыралина, Ш.Мұртаза, Ә.Нұрпейісов, Ә.Нұршайықов, Ф.Оңғарсынова, Д.Снегин, Р.Сейсенбаев, О.Сүлейменов, Ә.Тарази, М.Шаханов, И.Шухов, И.Щеголихин және т.б. бар.
Әлем әдебиетінің классиктері Ш.Айтматов, М.Жалел, О. Хайям, Фирдоуси, Низами, Дж.Байрон, Оноре де Бальзак, И.Гете, В.Гюго, М. Твен, Ги де Мопассан, А.Дюма, Ж.Верн, Дж.Лондон, А.Кристи, В.Шекспир және т.б. шығармаларының қазақ тіліндегі аудармалары ұсынылған.
   Оқырмандарға көп томдық басылымдар мен шығармалар жинағы 35 кітап сериясы бойынша ұсынылған. Қазақ әдебиеті дамуына ерекше үлес қосқан  танымал жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлерінің шығармалары мемлекеттік тапсырыс бойынша «Әлеуметтік маңызды әдебиеттердің түрлерін  басып шығару» бағдарламасы аясында шығарылған. Сондай-ақ, топтамаға қазақстандық қорлар мен баспа корпорациялары басып шығарған отандық авторлардың көркем шығармаларының сериясы енгізілген.
   Қазақстанның көркем әдебиеті топтамасы жаңа басылымдармен жиі толықтырылып отырады.

     

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование