KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16115738
2019 жылы:  1577520
бүгiн:  16555
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Ұлттық библиография қызметі / 2013

Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер. Серия 7: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы. -  Алматы, 2013.- Қазақ, орыс тілдерінде.
1-шығ.- 69 б.

Мәдениет, тіл білімі, әдебиет пен өнердің жалпы мәселелері, кітапхана ісі, библиография, мұрағат ісі,  әдебиет
теориясы, халық ауыз әдебиеті, бейнелеу өнері, театр, кино өнері және т.б. салалар бойынша материалдар жинақталған. Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді.  Журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, тиісті басқару жүйелеріне және мамандарға, аспиранттар мен студенттерге арналады.

Қоғамдық ғылымдар. Серия 6: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы.- Алматы, 2013. - Қазақ, орыс тілдерінде.
1-шығ.- 83 б.

Журналда ғылымдар тұтас қамтылып, философия, тарих, социология, мемлекет және құқық, саясат, экономика, ғылымтану, білім, педагогика, жалпы коммуникация, журналистика, ақпараттану, дін т.б. салалар бойынша  материалдар  жинақталған.  Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді. Реферативтік журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, басқару органдарына және мамандар, аспиранттар, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналады.

Мұқан Төлебаев = Мукан Тулебаев: ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст.: Д.А. Қыстаубаева, Ш.Б. Үсенбаева; ред. Ә.Ш. Сәйдембаева.- Алматы, 2013.- 154 б.- Қазақ, орыс тілдерінде. - («Қазақстан өнері» сериясы).

Көрсеткіш сазгер, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Жамбыл атындағы республикалық сыйлықтың иегері Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрсеткіште 1943 жылдан 2013 жылдың наурыз айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық әртісінің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналады.

 Қазақ мемлекеттілігінің дамуы (ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін):  библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған М.К. Әбілова; ғылыми редакторы, алғы сөзін жазған А.Ш. Алтаев; редакторлары: Ә.Ш. Сәйдембаева,  Б.Ш. Шаймерденова. – Алматы, 2013. – 296 б.

Библиографиялық көрсеткішке қазақ мемлекеттілігінің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қалыптаcуы мен дамуы  мәселелері бойынша революцияға дейінгі кеңестік, отандық және шетелдік зерттеушілердің ізденістерімен байланысты әдебиеттер енгізілген.
   Көрсеткіш 1913 жылдан 2013 жылдың қаңтар айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген әдебиеттерді: кітаптар, кітап және журнал мақалаларын, ғылыми еңбектерді, авторефераттар мен диссертацияларды қамтиды.
   Библиографиялық құрал тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге, кітапханашыларға және жалпы оқырман қауымға арналған.    

 Дөненбаева Кәмшат: библиографиялық көрсеткіш = Доненбаева Камшат: библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған З.А. Тоқбергенова; редакторы Ә.Ш. Сәйдембаева.- Алматы, 2013.- 162 б.- Қазақ, орыс тілдерінде.

Көрсеткіш ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы аясында еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға айтулы үлес қосқан атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Байғазықызы Дөненбаеваның 70 жасқа толу мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1973 жылдан бастап 2013 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттер қамтылған. Көрсеткіш ауыл шаруашылығы мамандарына, студенттерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

 Қазақстан Республикасының 2014 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі = Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан на 2014 год / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырғандар: Д.А. Қыстаубаева, Ш.Б. Үсенбаева; ред.: Ә.Ш. Сайдембаева, Б.Ш. Шаймерденова. - Алматы, 2013. - 251 б.- Қазақ, орыс тілдерінде.

Күнтізбеге жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген. Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен мекемелер тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*)  белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген. Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование