Қазақша     Русский     English
Жоба туралы
Электрондық кітапхана
Жобаға қатысушылар
Жобаның құжаттары
Жобаның шаралары
Байланыстар
барлығы:  508948
2019 жылы:  78250
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Қазақстан – Ресей «Шекарадағы кездесулер» бірлескен мегажобасының электрондық кітапханасы / Жобаның шаралары  / «Шекарадағы кездесулер» ресейлік-қазақстандық жоба: Электрондық кітапхана – халықаралық әріптестік»

АҚПАРАТТЫҚ     ХАБАРЛАМА

 

Қостанай қаласы                                                                            30-31 қазан 2008 жыл

 

Қостанай облыстық мәдениет басқармасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы,

Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

    2001 жылы Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі, ЮНЕСКО-ның «Баршаға ақпарат» бағдарламасының Ресейлік комитеті, Ресей Мемлекеттік кітапханасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы бірлесіп ортақ электрондық кітапханалар құру мақсатында «Шекарадағы кездесулер» ресей-қазақстандық жобасын жүзеге асыруды бастаған.

    Жобаның мақсаты – Интернетте Ресей және Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи байланыстарын ашатын еркін қолжетімді электрондық топтамалар құру және оларды орналастыру. Жобаның тұжырымдамасы Ресей және Қазақстан  кітапханалық ендігіндегі кітапханалар ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді. «Шекарадағы кездесулер» жобасының жүзеге асырылуы екі мемлекет халықтарының  ұлтаралық өзара түсіністігіне, мәдениеттерін өзара байытуға және осы мемлекеттер арасында болып жатқан интеграциялық процестерге қатысты мәселелерді шешуге ықпал ететін мәденитанымдық, ағартушылық, ғылым, білім беруге мақсатталған. 

    «Шекарадағы кездесулер» ресейлік-қазақстандық жобасын кеңейту және оны  жүзеге  асыру аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының «Гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастығы» бағдарламасы бойынша  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында, Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстық кітапханаларында электрондық кітапханалар құрылды. Енді жоба жаңа қатысушылармен, Қостанай (ҚР) және Қорған, Челябі облыстық және Троицк қалалық кітапханаларымен (РФ) толығуда. Бұдан әрі  жоба аясында  екі мемлекеттің  шекаралас кітапханаларын біріктіру жоспарлануда.

    2008 жылдың 30-31 қазан күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Қостанай облыстық Мәдениет басқармасы бірлесіп Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы базасында «Ресей-Қазақстандық жоба «Шекарадағы кездесулер»: «Электрондық кітапхана - халықаралық әріптестік»   тақырыбында семинар өткізеді.

    Семинарға Ресей Мемлекеттік кітапханасынан (Ресей), ҚР Ұлттық кітапханасынан (Алматы), ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан (Астана), Қорған, Новосібір, Астрахан, Челябі облыстық, Троицк қалалық кітапханаларынан, Қазақстанның шекаралас облыста­рынан (Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан) кітапханашылар қатысады.

    Семинардың мақсаты −  болашақта   жобаны  әрі қарай жүзеге асыру шараларын үйлестіруді және өзара келісімдерді айқындау. Бағдарламада электрондық кітапхананың бағдарламалық қамтамасыз етілуі, «Шекарадағы кездесулер» жобасы бойынша электрондық кітапхана базасын қалыптастыру тәжірибесі, мамандарға кеңестер беру, жаттығулар қарастырылған.

    Семинарға қатысушылар назарына «Шекарадағы кездесулер» жобасының даму кезеңдерін және екі ел халықтарының мәдени-рухани кеңістігін баяндайтын «Қазақстан – Ресей: ынтымақтастық  векторы» тақырыбнда безендірілген кітап көрмесі ұсынылады.

 

 

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование