Қазақша     Русский     English
Жоба туралы
Электрондық кітапхана
Жобаға қатысушылар
Жобаның құжаттары
Жобаның шаралары
Байланыстар
барлығы:  538436
2019 жылы:  107738
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Қазақстан – Ресей «Шекарадағы кездесулер» бірлескен мегажобасының электрондық кітапханасы / Жобаның шаралары  / «ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасының Кузбастағы күндері»

«ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасының Кузбастағы күндері»

__________________________________________________________________

    ҚР Ұлттық кітапханасы тарапынан Бас директордың орынбасары С.А.Тасыбаева, ғалым хатшы Е.И.Исмаилов, Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.К.Балабекова, бас кітапханашы Ж.Н.Әлімқұлова 2003 жылғы 17-19 желтоқсанда Кемеров қаласындағы ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасының Кузбастағы күндеріне қатысты.

    Ұйымдастырушылар: ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарлама-сының Ресей комитеті, Кемеров облысының әкімшілігі, Кемеров Мемлекеттік Мәдениет және өнер академиясы, Кузбастың әлеуметтік сала-сының ақпараттық технологиялар  ғылыми-зерттеу институты (НИИ ИТ СС).

    Ғылыми-тәжірибелік семинар Ресей–Қазақстан арасындағы «Шекара-дағы кездесулер» жобасына және Кузбасс пен Қарағанды облысының байланыстарына арналған. Семинарда Ресейдегі Қазақстан жылы аясында өткізілген Ресей–Қазақстан арасындағы байланыстарды көрсететін және Қарағанды облысының Кузбастағы  күндеріне орайластырылған баяндамалар жасалды. Конференцияда Е.И.Кузьмин «ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға»  бағдарламасы Ресейде» тақырыбында түйінді баяндама жасады. Ол өз тарапынан қойылған «Мәдени мұраны сандық жүйе түрінде сақтаудың үлгісі/моделі қандай болуы керек» деген сұраққа  жауап берді. Ол  Ресейлік кітапханалық қауымдастыққа Қазақстандағы алғашқы бірлескен электрондық кітапхана жасақталғанын «Шекарадағы кездесулер» жобасы аясындағы ірі мәдени оқиға ретінде жеткізді. Конференцияның шешіміне аталған кітапханаға ынтымақтастық, технологиялық және әдістемелік қолдау көрсету туралы тармақ енгізу жөнінде ұсыныс жасалды.

    Семинарды жүргізуші С.А.Казанцев «Шекарадағы кездесулер» жобасы-ның іске асырылуы туралы қорытынды шығарды. Ал С.А.Тасыбаева жобаны Қазақстанда іске асыру мәселелері және мүмкіндіктерін таныстыра отырып, әсіресе, Интернет желісінің шешім табуы қажет екенін ерекше атап көрсетті. Ол сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасы мен Кемеров Мемлекеттік Мәдениет және өнер академиясының өзара байланыстарына, жеке алғанда  кітапхана үрдістерін автоматтандыруға қатысты байланыстарына назар аударды.

    С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасының бөлім меңгерушісі Н.Г.Краснова Интернетте Ресей–Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» жобасы аясында «Петропавл–Омбы» бірлескен электрондық кітапхана құру тәжірибесімен бөлісіп, электрондық топтамалар құрастырылып, өлкетанулық және тарихи-мәдени ақпараттардың бірлескен тақырыптық рубрикаторлары әзірленгені туралы баяндады.

    Электрондық кітапхана ресурстарының пайдалануын бақылауды талдау барысы олардың пайдаланушыларға қажеттілігін және осы бастаманы ойластыру құжаттарының өзектілігі мен құндылығын көрсетті.

    Семинар қорытындысының маңызы мына төмендегідей: осы жобаны негізгі ала отырып осы кезеңде қамтылған Ресей және Қазақстанның барлық шекаралас облыстарында ортақ Интернет-ресурс құру туралы Келісімге қол қою туралы уағадаластыққа қол жетті. Қазақстан тарапынан – Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Орал, Өскемен. Ал Ресей тарапынан – Астрахань, Барнауыл, Қорған, Омбы, Орынбор, Орск, Саратов, Тюмень, Челябі.

    Мультимедиялық кітапхана өзегі өлкетану болуы тиіс. Семинарға қатысушыларға ашық түрде бірлесу Келісімінің жобасы ұсынылды.

    Қазақстан делегациясы бағдарламадан тыс Кемеров, Новосибир, Барнауыл кітапханаларымен қарым-қатынас орнату жөнінде бірқатар кездесулер мен келіссөздер жүргізді.

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование