KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16116426
2019 жылы:  1578208
бүгiн:  17243
қазiр:  250
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Ұлттық библиография қызметі / 2011

2011

Зиманов Салық = Салык Зиманов: библиографиялық көрсеткіш /ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырғандар: Р.М.Абишева, М.К.Әбілова; редакторы А.Б.Рақышева.- Алматы, 2011.- 180 б.- Қазақ, орыс т-де.

   Көрсеткіш белгілі  заңгер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 90 жыл толуына арналған. Көрсеткішке 1952-2010 жылдың желтоқсан айына дейінгі жарияланған мәліметтер енгізілген. Ғылыми қызметкерлерге, заң мамандарына, ғалымның еңбектерін зерттеушілерге, кітапханашыларға, мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.

Дина Нұрпейісова (1861-1955): ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш = Дина Нурпеисова (1861-1955): рекомендательный библиографический указатель /ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырғандар: Ә.Ш.Сәйдембаева, Ш.Б.Үсенбаева; редакторы А.Рақышева.- Алматы, 2011.- 82 б.- Қазақ, орыс т-де.- («Қазақстан өнері» сериясы).

   Көрсеткіш домбырашы, күйші, сазгер, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісоваға арналған. Көрсеткіште 1938 жылдан 2011 жылдың маусым айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық әртісінің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналады.

Қазақстан астаналары: библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырғандар: Р.Әбішева, Ә.Ш.Сәйдембаева; редакторы А.К.Рахимова.- Алматы, 2011.- 258 б.

    Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында дайындалды. Негізгі төрт бөлімнен тұрады: І. Орынбор – қазақ елінің тұңғыш астанасы (1920-1925); ІІ. Қызыл астана – Қызылорда; ІІІ. Алматы – әсем қала; IV. Астана – Қазақстанның бас қаласы.  Көрсеткішке 1875 жылдан 2011 жылдың шілде айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген әдебиеттер қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, тарихшыларға, Қазақстан астаналарының тарихымен танысқысы келетін барша оқырман қауымға арналған. 

Столицы Казахстана: библиографический указатель / Национальная библиотека РК; составители: Р.М.Абишева, А.Ш.Сайдембаева; редактор А.К.Рахимова.- Алматы, 2011.- 463 с.

 

 

Саудабаев Қанат: библиографиялық көрсеткіш = Саудабаев Канат: библиографический указатель /ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған  Ә.Ш.Сәйдембаева; редакторы А.Б.Рақышева.- Алматы, 2011.- 305 б.- Қазақ, орыс т-де.

Көрсеткіш мемлекет және қоғам қайраткері Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевтың шығармашылығы мен қызметіне арналған. 1968 жылдан 2010 жылдың желтоқсан айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген мәліметтер енгізілген. Көрсеткіш саясаткерлерге, тарихшылар мен зерттеушілерге және қалың оқырман қауымға арналған.

Жандәулетов Валерий: библиографиялық көрсеткіш = Жандаулетов Валерий: библиографический указатель /ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған  З.А.Тоқбергенова; редакторы Б.Қ.Оспанова.-Алматы, 2011.- 75 б.- Қазақ, орыс т-де.

 Көрсеткіш баспагер-полиграфист Жандәулетов Валерий Айтмұқашұлының өмірі мен шығармашылығына арналған. 1965 жылдан 2011 жылдың қыркүйек айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген мәліметтер енгізілген. Көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, журналистерге, полиграфистерге және баспа ісі қызықтыратын оқырман қауымға арналған.

Өзбекәлі Жәнібеков: библиографиялық көрсеткіш = Узбекали Джанибеков: библиографический указатель /ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырушылар: Ә.Ш.Сәйдембаева, З.А.Тоқбергенова; редакторы А.К.Рахимова.- Алматы, 2011.- 140 б.- Қазақ, орыс т-де.

 Көрсеткіш белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің 80 жасқа толуына арналған. Көрсеткішке 1962 жылдан бастап 2011 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген әдебиеттер қамтылған. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, тарихшы және зерттеушілерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

Асылы Осман: ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш  = Асылы Осман: рекомендательный библиографический указатель /ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған  Р.М.Әбішева; редакторы А.К.Рахимова.-Алматы, 2011.- 95 б.- Қазақ, орыс т-де.

Көрсеткіш «Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты Асылы Осман Әлиқызының өмірі мен шығармашылығына арналған. 1972 жылдан 2011 жылдың наурыз айына дейін жарияланған әдебиеттер енгізілген. Көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, тіл мамандарына, мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге және көпшілік қауымға арналған.

Қазақстанның көркем әдебиеті (1968-1977): библиографиялық көрсеткіш (төрт кітаптан тұрады) / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған М.К.Әбілова; редакторлары: Ғ.Тәшімбай, А.К.Рахимова; алғы сөзін жазған А.К.Рахимова. - Алматы: «RUAN» ЖСШ баспа компаниясы, 2011.
   1-кітап. - 400 б.
   2-кітап. - 304 б.

Қазақстанның көркем әдебиеті (1968-1977) библиографиялық көрсеткіші 2008 жылы жарық көрген көрсеткіштің жалғасы болып табылады. Библиографиялык көрсеткішке Қазақстан жазушыларының 1968-1977 жылдар аралығында қазақ тілінде жарияланған шығармалары, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер, әдеби жинақтар және әдебиеттану мәселелері жөніндегі еңбектер енгізілді. Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушыларға, кәсіби мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондайақ көпшілік оқырман қауымға арналған.

Қазақстан Республикасының мекемелері, ұйымдары және көрнекті қайраткерлері мерейтойларының күнтізбесі – 2012 жыл /ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған Ш.Үсенбаева. - Алматы, 2011. - 109 б.

   Күнтізбекке жалпыхалықтық мәдени маңызы бар оқиғалар мен республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген. Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен мекемелер тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген. Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.

  Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер. Серия 7: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы, 2011.

         1-шығ.- 64 б.   

         2-шығ.- 76 б.

  

Мәдениет, тіл білімі, әдебиет пен өнердің жалпы мәселелері, кітапхана ісі, библиография, мұрағат ісі,  әдебиет теориясы, халық ауыз әдебиеті, бейнелеу өнері, театр, кино өнері және т.б. салалар бойынша материалдар жинақталған. Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді.  Реферативтік журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, басқару органдарына және мамандар, аспиранттар, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналады.

Қоғамдық ғылымдар. Серия 6: реферативтік журналы /ҚР Ұлттық кітапханасы.- Алматы, 2011.

         1-шығ.- 107 б.

         2-шығ.- 80 б.

         3-шығ.- 69 б.

         4-шығ.- 77 б.

 

   Қоғамдық ғылымдар тұтас қамтылып, философия, тарих, социология, мемлекет және құқық, саясат, экономика, ғылымтану, білім, педагогика, жалпы коммуникация, журналистика, ақпараттану, дін т.б. салалар бойынша  материалдар  жинақталған.  Журналдың құрылымына негізгі бөлімнен (мәтінді) басқа авторлар көрсеткіші, әдебиеттер тізімі және тараулар мен тармақтардың атын көрсететін мазмұнынан тұратын анықтамалық-іздестіру құралдары кіреді. Реферативтік журнал ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлеріне, кітапханаларға, басқару органдарына және мамандар, аспиранттар, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналады.

 

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование