+7 (727) 267-28-83

13.06.2025

Название:
13 маусым, сағат 11.00-де Ібітанов Еркін Жұмаділұлының туғанына 90 жыл  толуына орай «Тау мінезді тарлан» атты әдеби - музыкалық кеш өтеді.
Дата:
13.06.2025
Расположение:

Описание

2025 жылғы 13 маусым, сағат 11.00-де кітапханада көрнекті ақын, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Ібітанов Еркін Жұмаділұлының туғанына 90 жыл  толуына орай «Тау мінезді тарлан» атты әдеби - музыкалық кеш өтеді.

Шараның мақсаты — қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Еркін Ібітановтың шығармашылығын насихаттау, ақынның әдеби мұрасын өскелең ұрпаққа таныстыру, рухани тәрбие беру.

Е. Ібітанов 1955 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1956-59 жылдары Нарынқол аудандық мәдениет бөлімінде қызмет атқарды. 1959 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін аудандық «Хан-тәңірі» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болды. 1959 жылы «Социалистік Қазақстан» (казіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жарияланған «Қойшылар» поэмасымен өлең сүйер қауымды елең еткізген. «Қойшылар» (1962), «Арман-әлем» (1983), «Хантәңірі, қайдасың?» (1989), «Қасіретті де қасиетті ғасырым» (2002), «Елшенбүйрек» (2003) атты өлеңдері мен дастандар жинағы жарық көрген. Бірқатар өлеңдері орыс тіліне аударылып, «Сегодняшний день» жинағына енгізілген.

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым өкілдері және т.б.