+7 (727) 267-28-83

07.02.2025

Название:
7 ақпан, сағат 10.00-де Республикалық әдеби олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Дата:
07.02.2025
Расположение:

Описание

2025 жылғы 7 ақпан, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Республикалық әдеби олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Іс-шараның мақсаты – Республикалық әдеби олимпиада мектеп оқушылары арасында жазба сауаттылығын насихаттау, еліміздің мектептеріндегі дарынды оқушыларды анықтау, мемлекеттік және жеке мектептер арасында оқырмандық және жазба сауаттылықты, әлеуметтік белсенділікті арттыру және оқушылардың рухани тәрбиесін қалыптастыру. Олимпиада 3 турдан тұрды және жеңімпаз қатысушылардың үздік әдеби жұмыстарын жинақтаған Республикалық әдеби олимпиаданың материалдар жинағы жасалды. 

Ұйымдастырушылар: «Ganibet» гуманитарлық-ғылыми мектеп-гимназиясы, «Ganibet» республикалық ғылыми-әдістемелік оқу орталығы және «Ganibet» әдеби клубы.

Жеңімпаздарға ертегі, өлең, поэма, әңгіме, фэнтези, аңыз, миниатюра сияқты әдеби жанрлар бойынша дипломдар, құрмет грамоталары және алғыс хаттар табыс етіледі. 

Сондай-ақ, қазіргі заманғы жазушылардың және Олимпиада қатысушыларының кітаптары мен суреттерінің көрмесі ұйымдастырылады. 

Жобаның негізін қалаушы және идея авторы – «Ganibet» гуманитарлық-ғылыми мектеп-гимназиясының директоры, «Ganibet» республикалық ғылыми-әдістемелік оқу орталығының методологы, филолог, педагогика ғылымдарының магистрі – Скакова Сая Саятовна.  

Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Олимпиаданың жеңімпаз қатысушылары, мемлекеттік және жеке мектептердің мұғалімдері, қатысушылардың ата-аналары, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, «Алматы Дарыны» республикалық деңгейдегі дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау орталығы, Алматы қаласының Білім басқармасы, Алматы қаласының ГЦНТО, БАҚ өкілдері, Қазақстан Жазушылар Одағының өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, классикалық музыка концерті және жас жазушылар мен жас ақындар өнер көрсетеді.