+7 (727) 267-28-83

15.02.2025

Название:
15 ақпан, сағат 15.00-де Ермек Тұрсыновтың шағын шығармалар жинағын (15 том) сыйға тарту рәсімі өтеді.
Дата:
15.02.2025
Расположение:

Описание

2025 жылғы 15 ақпан, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Ермек Тұрсыновтың шағын шығармалар жинағын (15 том) ҚР Ұлттық кітапханасына және еліміздің көпшілік кітапханаларына сыйға тарту рәсімі өтеді.

Ермек Тұрсынов «Мамлюк», «Өмірдің ұсақ-түйектері», «Қарашаңырақ», «Өмір сүрді болды» және т. б. кітаптардың авторы, сондай-ақ, ол «Келін», «Шал», «Жат» және т. б. культтік фильмдердің режиссері.

Бұл тарихи оқиғаға өзінің инновациялық және әлеуметтік маңызы бар жобаларымен танымал кәсіпкер, меценат, инвестор, қоғам қайраткері Марғұлан Қалиұлы Сейсембаев қатысады.

Бұл жоғары гуманистік акт еліміздің мәдени мұрасын сақтауға және дамытуға маңызды үлес болмақ. Салтанатты рәсім мәдениет, бизнес қайраткерлерімен және жалпы жұртшылық өкілдерімен жемісті қарым-қатынас жасау алаңына айналады.

Ұрпақтарды біріктіретін және қоғамымыздың рухани байлығын дамытуға ықпал ететін маңызды мәдени оқиғаның куәсі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Қатысушылар: кино саласының мамандары, облыстық кітапханалар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, блогерлер және т.б.