+7 (727) 267-28-83

15.02.2025

Название:
15 ақпан, сағат 14.00-де Сауық Мәсіғұтқызы Жақанованың 80 жас мерейтойына арналған «Сахара сандуғашы» атты кітаптың таныстырылымы өтеді.
Дата:
15.02.2025
Расположение:

Описание

2025 жылғы 15 ақпан,  сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстанның мәдениет және өнер саласына ерекше үлес қосқан Сауық Мәсіғұтқызы Жақанованың 80 жас мерейтойына арналған «Сахара сандуғашы» атты кітаптың таныстырылымы өтеді.

Сауық Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Шет ауданының Еркіндік ауылында дүниеге келген. Ол 1966 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Сол жылы еңбек жолын Қазақ радиосының дикторы ретінде бастап, онда 2002 жылға дейін үздіксіз қызмет етті.

Кәсіби мансабында Сауық Мәсіғұтқызы өзінің ерекше дауысымен халық жүрегіне жол тауып, Қазақ радиосының бетке ұстар дикторларының біріне айналды. Оның шығармашылығы мен еңбегі жоғары бағаланып, 1985 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, ал 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі» атағына ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілдi.

Мерейтой қарсаңында жарық көрген «Сахара сандуғашы» кітабы Сауық Жақанованың өмірі мен шығармашылығын баяндайды. Бұл кітапта оның өмір жолы, радиодағы қызметі, ұстаздық еңбегі және Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлесі қамтылған.

«Сахара сандуғашы» атты кітаптың құрастырушылары ҚР ақпарат саласының үздігі, белгілі қаламгер Таңсұлу Алдабергенқызы мен ҚР Журналистер Одағының мүшесі, радиожурналист Жазира Амантайқызы.

Кiтап ғалым, қоғам қайраткері, «Атамұра» корпорациясының  президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлының қолдауымен «Атамұра» баспасынан жарыққа шықты.

Қатысушылар: мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, радиоардагерлер, С.М. Жақанованың туыстары, журналистер және т.б.