+7 (727) 267-28-83

24.01.2025

Название:
24 қаңтар, сағат 15.30-да Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей өкілдігінің ҚР Ұлттық кітапханасына жыл сайынғы дәстүрлі кітап сыйға тарту рәсімі өтеді
Дата:
24.01.2025
Расположение:

Описание

абай и пушкин

2024 жылғы 24 қаңтар, сағат 15.30-да Әлем әдебиеті залында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей өкілдігінің ҚР Ұлттық кітапханасына жыл сайынғы дәстүрлі кітап сыйға тарту рәсімі өтеді. Ресей кітап бұрышына арналған жаңа кітаптар топтамасының жыл сайынғы дәстүрлі тартуы Ресейде 25 қантарда «Ресей студенттерінің күні» және «Татьяна күні» ретінде саналатын мереке қарсаңында өткізіледі.

Іс-шара ұлы ақын, философ және халық ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай және Пушкин: шабыт өнері» аясында өтеді. Бұл халықтардың достығы мен мәдени өзара әрекеттестік нышандары, соның арқасында еуразиялық мәдениеттің жарқын өкілдерінің шығармашылығы мәдениеттің өзара түсіністігі мен етене ену үлгісіне айналды және әлемдік қоғамдастыққа кеңінен танымал болды. Сондай-ақ, «Қазақстандық Пушкиниана» халықаралық шығармашылық фестивалінің екінші маусымы ашылады.

2024 жылы өткізілген «Қазақстандық Пушиниананың» алғашқы маусымы А.С.Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына арналды және Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарынан 100-ден астам ұжым жиналды, олар: 10 000-нан астам оқушы, коледдждер мен жоғары оқу орындарының студенттері мен шығармашылық ұжымдардың қатысушылары. 200-ден астам шығармашылық жұмыстар осы маусымның жеңімпаздары атағына ие болды.

Фестиваль бағдарламасы: талантты жастарды қолдауға арналған «Ярмарка талантов «Звезды Казахстана» байқау-фестивалі, ТМД мен Азия елдері өкілдерінің қатысуымен «Мәдениеттер диалогы» халықаралық жобасы, Орыс тілі күніне орайластырылған шығармашылық концерт, барлық  іс-шараларды қорытындылауды қамтиды.