28.01.2025
Описание
28 қаңтар, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Үндістан кітап бұрышының қызметі аясында Үндістанның Республика күніне орай «Түсті сапар: Үндістанға әсем саяхат» - «Rangin Safar: A Colorful Journey to India» өнер көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Іс-шарада Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі д-р Т.В. Нагендра Прасад мырза Ұлттық кітапхананың қорына жаңа кітаптарды сыйға тартады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігі, Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық.
Барша ниет білдірушілерді шақырамыз!