13.12.2024
Описание
2024 жылғы 13 желтоқсан, сағат 15-00-де Әдебиет академиясы залының қызметі аясында USW жазушылар қауымдастығының резиденті Ирина Бакулинаның «Ночь в библиотеке» кітабының тұсаукесері өтеді. Тұсаукесерге повесть негізінде театрландырылған квестімен «Арт - убежище Bunker» заманауи театрының әртістері қатысады.
Заманауи жазушы Ирина Бакулинаның шығармашылығында 300-ге жуық әңгімелер, екі роман және жинақтарда жарияланған бірнеше әңгімелер бар. Автордың ең танымал кітаптары: «Новый год на Марсе», «История Мари», «Глаза дьявола, сердце Парижа», «Зеркало разбилось» және т.б.
«Ночь в библиотеке» - Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы мистикалық құбылыстар туралы шытырман оқиғаға толы роман. Роман-фэнтези кейбір шынайы оқиғаларға негізделіп, көркемдік қиялмен толықтырылған. Сюжеттің желісі - кітапхана қабырғасындағы бір топ жасөспірімдердің шытырман оқиғаларын суреттейді. Ирина Бакулинаның кітабында бұл жер туралы мистикалық өрнектер ғана емес, сонымен қатар таңғажайып фактілер де шебер көрсетілген. Достық, сынақтар мен құпиялар туралы әңгіме әр оқырманға кітапқа енудің ерекше тәжірибесін береді. Кітап сөрелерінің лабиринттері арқылы жұмбақ жолмен жүріп, кейіпкерлер шынайы достықтың кез келген кедергілерін жеңетінін көрсететін уақыт сынағынан өтеді.
Тұсаукесерде Ирина Бакулина оны не шабыттандыратыны, Қазақстанның Жазушылар қауымдастығымен қалай жұмыс істейтіні туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, болашақ кітабы, жобалары туралы бөліседі.
Әдеби кеште «Арт - убежище Bunker» театрының қатысушылары «Ночь в библиотеке» театрландырылған қойылымынан үзінді ұсынады.
Әлем әдебиеті қызметінің жас мамандары кітап желісі бойынша квест – викторина өткізеді.