09.09.2024
Описание
9 қыркүйек, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығынан Қытай кітап бұрышына арналған кітаптарды сыйға тарту рәсімі өтеді.
Іс-шара Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында және Қытай кітап бұрышының құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізіледі.
Іс-шараға Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханым қатысады.
ҚР Ұлттық кітапханасына қытай тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударылған Қытайдың тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті, сондай-ақ көркем және ғылыми-танымдық әдебиеттер бойынша 43 аталымнан тұратын кітаптардың 105 данасы, сонымен қатар Қытай кітап бұрышын жаңартуға арналған заманауи техникалық жабдықтар сыйға тартылады.
Сыйға тартылған басылымдардың ішінде бірқатар кітаптарды атап өтуге болады. Олар: «Мифы и легенды Китая», Мудрость «Лунь Юя», «Китайские притчи», «История китайской музыкальной драмы», сондай-ақ «Очерки китайской культуры», «Изучаем китайскую калиграфию», «15 лекций об археологии Великого Шелкового пути», «Китайские традиции и обычаи», «Рассказы о географии Китая» және т.б.
Қатысушылар: Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының өкілдері, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ.