+7 (727) 267-28-83

12.09.2024

Название:
12 қыркүйек,  сағат 15.00-де "Н.К. Рерих. Мир через Культуру"  атты стендтік және безендірілген кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді
Дата:
12.09.2024
Расположение:

Описание

2024 жылы 12 қыркүйек,  сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында "Н.К. Рерих. Мир через Культуру"  атты стендтік және безендірілген кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме Шебердің 150 жылдығына арналған және Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

Рерих Николай Константинович (09.10.1874 – 13.12.1947) – суретші, ғалым, саяхатшы, жазушы, қоғам және мәдениет қайраткері, ойшыл. Ол 7000-нан астам картиналар жасады. Соборлар мен шіркеулер сияқты (кескіндеме, мозаика) монументалды-декоративті жұмыстардың, 20-дан астам театр қойылымдарына арналған декорациялар мен костюм эскиздерінің авторы, соның ішінде Сергей Диагилевпен бірлесіп, «Русские сезоны»-да. Публицистикалық және философиялық мазмұндағы ондаған кітаптың, мақалалардың, очерктердің, эсселердің авторы. Ол Орталық Азияға ғылыми-зерттеу экспедицияларын басқарып, 1926 жылы Орталық Азия экспедициясы құрамында Қазақстан аумағына барды. Нью-Йоркте бірнеше мәдени орталықтар, Үндістанда – "Урусвати" ғылыми-зерттеу институтын құрды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында мәдениетті қорғауда Халықаралық қоғамдық қозғалысын басқарды. Рерих Пактісі ретінде тарихқа енген мәдени құндылықтарды қорғау Пактісінің бастамашысы. ХХ ғасырдың көрнекті мәдениет қайраткері.

Николай Рерих қазіргі кезде де көптеген мәдени бастамалардың бастауында болды. Олардың ішінде мәдениеттің халықтар өміріндегі рөлі, мәдени нысандарды қорғау, уақыттың маңызды және қажетті байланысы туралы бастамашы болған халықаралық қозғалыс бар. Бұл қозғалыстың символы Бейбітшілік Туы болды, оның тарихы ежелден бастау алады. Ол Азияның жартастағы суреттерінде, ғибадатханалардың қолтаңбаларында, шеберлердің суреттерінде, елтаңбалар мен эмблемаларда кездеседі. Барлық жерде оны ерекше қорғауға мән берілді. Рерих Пактісі мәдениетті қорғаудың заманауи халықаралық жүйесінің негізін қалады. Қазіргі уақытта, жыл сайын 15 сәуірде, 1935 жылы Пан-американдық одақ елдері Пактіге қол қойған күні әлемде Халықаралық мәдениет күні атап өтіледі.

Көрменің мақсаты          – қазақстандық жұртшылықты профессор Н.К. Рерихтің көпқырлы мәдени, шығармашылық және ғылыми қызметімен таныстыру.

Көрме Халықаралық Рерих орталығының қолдауымен (Мәскеу қ.) Н.К.Рерих атындағы (Алматы қ.)  Мәдени орталықпен ынтымақтастықта өтеді.