+7 (727) 267-28-83

11.04.2024

Название:
11 сәуір, сағат 10.00-де «Жаңа көкжиектер: ғылымдағы дәстүрлер мен инновациялар синтезі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Дата:
11.04.2024
Расположение:

Описание

2024 жылғы 11 сәуір, сағат  10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик, Қазақстан Республикасының машина жасау және көлік ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы әрі қайраткері, Q University-дің қоғам қайраткері Серғазы Ахметұлы Жиенқұловтың 90 жылдығына орай «Жаңа көкжиектер: ғылымдағы дәстүрлер мен инновациялар синтезі» (Жиенқұлов оқулары-2024) атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Профессор С.А. Жиенқұлов 1979 жылы В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ-де көтергiш-көлiктiк машиналар және гидравлика кафедрасын құрып, осы құрылымды 1998 жылға дейiн басқарды. Аталған кафедра кешендi механизациялау және ауқымды еңбек үдерістері бойынша жүздеген инженерлер, жоғары бiлiктi мамандар – техника ғылымдарының кандидат-тары мен докторларын даярлады. Өзі де ғылыми тұрғыдан ізденіп, 1984 жылы Н.Э.Бауман атындағы МЖТУ-де М.П.Александров, Л.Н.Колобов сынды әйгілі ғалымдардың жетекшiлiгiмен докторлық диссертация қорғайды. 1986 жылы КСРО ЖАК бекіткен профессор атағын алды. Серғазы Жиенқұлов  – елімізде көтергiш-көлiктiк машиналар саласының тұңғыш ғылым докторы. Сондай-ақ Н.Э.Бауман атындағы жоғары техникалық училищесiнiң түлектерi арасынан КСРО-дағы үздiксiз көлiк машиналары саласының тұңғыш докторы. Серғазы Ахметұлы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника университетiнде көтергiш-көлiктiк машиналар және гидравлика, баспахана машиналары сынды екі кафедраның ашылуына мұрындық болды.

Қатысушылар: отандық және шетелдік ғалымдар, практиктер, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар, студенттер, БАҚ өкілдері және т.б.