04.04.2024
Описание
2024 жылғы 4 сәуір, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әкім Ысқақпен кездесу кеші өтеді.
Ә. Ысқақ тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы, 1997 жылдың «Жыл адамы», мемлекет және қоғам қайраткері, Ордабасы, Сарыағаш, Сайрам аудандарының Құрметті азаматы, Монғолияның жоғарғы марапаты «Шынғысхан» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, республика білім беру ісінің үздігі, Халықаралық филология академиясының академигі, Қазақстан педагогика академиясының профессоры, «Түркістан облысының құрметті депутаты», Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, 30-ға жуық кітаптары жарық көрген, туындылары бірнеше тілге аударылған белгілі қаламгер, ақын, сазгер, сатирик, журналист, заңгер.
Заң шығару мәселесіне орай Ә. Ысқақ Англия, Америка, Түркия мемлекеттерінде болды. АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Элизабет Джоунстың арнайы шақырумен еліміздің делегациясын басқарып барып, Америкадағы қазақ жетім балаларының іздеушісі болып, олардың сан қырлы тағдырын өз көзімен көріп қайтқан тұңғыш депутат. Әрі бұл жөнінде, әсіресе Арман, Серік есімді қазақ балалары туралы жүрек толқытатын эсселер жазды.
Ә. Ысқақтың «Жүректегі жазулар», «Адам іздеп жүрмін», «Көңіл қымбат», «Алтыным», «Адам - өмір дәптері» атты кітаптары жарық көрген. Бірнеше рет басылып шыққан «Алтыным» кітабы өзбек, орыс, ағылшын тілдеріне аударылды.
Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары және т.б.