+7 (727) 267-28-83

27.09.2023

Название:
27 қыркүйек, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының  Н. Дәулетова атындағы залында түріктің ұлы ақыны Мехмет Акиф Ерсойдің 150 жылдық мерейтойына арналған «Ер Түріктің рухын асқақтатқан алдаспан ақын» дөңгелек үстелі өтеді.
Дата:
27.09.2023
Расположение:

Описание

27 қыркүйек, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының  Н. Дәулетова атындағы залында түріктің ұлы ақыны, мемлекет  және қоғам қайраткері, Түркия тәуелсіздік гимнінің авторы Мехмет Акиф Ерсойдің 150 жылдық мерейтойына арналған «Ер Түріктің рухын асқақтатқан алдаспан ақын» дөңгелек үстелі өтеді.

Ұйымдастырушылар: Түрксой Жазушылар одағы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты.

Әлемдік ойшыл, ақын, философ Мехмет Акиф Ерсой  – түрік қоғамы мен әдебиетінде ерекше орын алатын тау тұлға. Ақынның туып-өскен жылдары түрік халқы үшін ең дағдарысты кезеңдердің бірі болды. Түрік халқы бірінші дүниежүзілік соғысқа, Балқан соғысына және ұлт-азаттық соғысқа қатысты. Қоғам үшін қиын-қыстау заманда өмір сүрген Ерсой түрік халқының сол кездегі тарихи келбетін өз шығармаларында үлкен толғаныспен, терең сезіммен  суреттеп жеткізді. Түркия Республикасының тәуелсіздігіне қауіп төнген тұста, халықтың рухын оятатын «Бұлбұл», «Сафахат» сынды туындылары мен «Чанаккале» дастанын жазып, ұлтжандылықтың тамаша үлгісін көрсетті.  Түркі халықтарына Отан мен ұлт ұғымын жақсырақ түсінуге көп күш жұмсады.  Мехмет Акиф Ерсойдың өлеңдері адам бойына  қайыспас қайсарлық пен қажымас күрескерлік рухын сыйлайды. Оның «Чанаккале» атты және ұлт азаттық соғыс кезінде жазған батырлық дастандары ұлттың тәуелсіздігі мен еркіндігін, бірлігі мен ынтымағын сақтауда,  жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуде баға жетпес, шоқтығы биік туынды.  Ақын шығармалары түркі халқының тәуелсіздікке деген  құмарлығын,  Отанға, еліне деген шексіз сүйіспеншілігін,  күрескерлік  рухын терең сипаттап көрседі.

Түрік Республикасының тәуелсіздік символы – мемлекеттік гимні Түркияның Ұлттық Мәжілісінде 1921 жылы 12 наурызда қабылданды. Мемлекеттік гимн – түрік халқының өткен тарихы мен жан-дүниесінің айнасы. Оның әрбір жолында түрік қоғамының болмысын құрайтын құндылықтар туралы терең мағына бар. Әр шумағы - түрік халқының көңіл-күйінің көрінісі,  түрік халқының өмірлік мақсатын, ұлттық антын, ең алдымен тәуелсіздік жолындағы күресті ертеңге жеткізетін ұлттық келісімді баяндайтын эпикалық шығарма. 1936 жылы дүниеден өткен Мехмет Акиф Ерсой өз халқының жүрегінде, бүкіл түркі әлемінің тарихында мәңгілік сақталады.

Шара барысында Мехмет Ерсойдың өлеңдері қазақ тілінде оқылады.

Қатысушылар: дипломаттар, ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.