+7 (727) 267-28-83

28.09.2023

Название:
28 қыркүйек, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында  жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аясында «Өр Алтайдың асқақ жыршысы» атты конференция өтеді.
Дата:
28.09.2023
Расположение:

Описание

28 қыркүйек, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында  жазушы, драматург, журналист, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аясында «Өр Алтайдың асқақ жыршысы» атты конференция өтеді.

Ұйымдастырушылар: «Ел-шежіре» қоғамдық қоры, ҚР Ұлттық кітапханасы.

Шараның мақсаты − О. Бөкейді өскелең ұрпаққа дәріптеу, жазушының шығармашылығын жалынды жастарға насихаттау.

Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдырды. О. Бөкейдің шығармалары дүниежүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның туындыларында форма жағынан ерекшелік басым. Жазушыға өз замандастары көркем сөз өнерінің хас шебері деп биік баға берген.

Конференцияда Катонқарағай  суретшілерінің қаламынан туған картиналар мен кітап көрмесін өткізу жоспарланып отыр. 

Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.