+7 (727) 267-28-83

26.09.2023

Название:
26 қыркүйек, сағат 11:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Сайлау Пернебаевтың 85 жылдығына арналған «Ақ пен қара» атты фотокітабының тұсаукесері және мерейтойлық жеке шығармашылық фотокөрмесінің ашылуы өтеді
Дата:
26.09.2023
Расположение:

Описание

26 қыркүйек, сағат 11:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың 85 жылдығына арналған «Ақ пен қара» атты фотокітабының тұсаукесері және мерейтойлық жеке шығармашылық фотокөрмесінің ашылуы өтеді.

Ұйымдастырушылар:  Қазақстан Жазушылар одағы, ҚР Ұлттық кітапханасы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі және Сайлау Пернебаевтың отбасы.

Серіктестері: Түркістан облысының әкімдігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Журналистер одағы.

Ақпараттық демеушілер:   «Қазақстан»        республикалық телерадиокорпорациясы  «Абай» телеарнасы мен «Қазақ әдебиеті» газеті.        

Шынайы өмірде «Тосыннан түсіргенде» деген атпен ел есінде қалған фототілшінің олжа салмаған жанры кемде-кем еді. «Ақ пен қара» атты бұл кітапта қазақ фотожурналис­тикасын дамытуға елеулі үлес қосқан, бар ғұмырын осы салаға арнаған Сайлау Пернебаевтың 85 жылдық мерейтойы қарсаңында ел шежіресін фотоөнермен өрнектеген іріктелген туындылары беріліп отыр. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Альбом-кітап «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, таралымы 1000 данамен «Атамұра» баспасынан жарық көрді. Құрастырушылары: Асылхан Әбдірайымұлы, Айнұр Сайлауқызы. Кітапқа енген суреттер Сайлау Пернебаевтың отбасылық мұрағатынан алынды.

Осы шара аясында өтетін фотокөрмеге автордың жарты ғасыр бойы түсірген еңбектерінен жалпы саны 60 фото іріктеліп қойылады.

Сайлау Пернебаев (1939-2007) «Қазақстан мұғалiмi», «Социалистiк  Қазақстан» (қазiргi «Егемен Қазақстан») республикалық басылымдарында, сонымен қатар 1981 жылдан зейнеткерлiкке шыққанға дейiн «Қазақ әдебиетi» газетiнде фототілші қызметін атқарды. Сайлау Пернебаевтың фотосуреттері Одақтық газет-журналдардың байқауларында 16 рет Бас жүлденi жеңiп алды. Оның алуан тақырыптарды қамтыған көптеген фотосуреттерi әр жылдары «Правда», «Известия», «Комсомольская правда», «Труд», «Литературная газета» газеттерiнде жиі жарияланып тұрды. Сондай-ақ,  Францияның, Кубаның, Германияның газет-журналдарында бірнеше рет жарық көрді. Сайлау Пернебаев Қазақстан Журналистер одағының және Республикалық Кәсiподақтар комитетiнiң сыйлығымен бірнеше мәрте марапатталды. 

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.