+7 (727) 267-28-83

26.09.2023

Название:
26 қыркүйек, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Фатима Ғабитованың «Өртеңде өнген гүл» атты кітабының толықтырылған жаңа нұсқасының тұсаукесері өтеді.
Дата:
26.09.2023
Расположение:

Описание

26 қыркүйек, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Кеңестік репрессия жылдары қудалау мен тергеу, алдау мен арбау, өмірінде адамдық, аналық, тұрмыстық, ар-ождан таптауының машақатын бір кісідей тартқан халқымыздың асқақ рухты қызы Фатима Ғабитованың (1903–1968) басынан кешкен сан қилы тағдыр тауқыметі туралы «Өртеңде өнген гүл» атты кітабының толықтырылған жаңа нұсқасының тұсаукесері өтеді.

Бұл кітапқа енген Ф. Ғабитованың өз қолымен жазған күнделіктері мен өлеңдерінде қазақ қоғамының, әсіресе қазақ зиялыларының Кеңес өкіметі құрылғаннан бастап, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырауы, саяси қудалаудың шындығы егжей-тегжейлі суреттеледі. Фатима Ғабитованың өмірбаяндық естеліктері, шын мәнінде, 1930-жылдардағы қазақ зиялылары көрген зорлық-зомбылықтардың құжаттық деректі дәлелі болып табылады.

Кітаптың алғашқы басылымы белгілі ақын, әдебиеттанушы Аманхан Әлімнің дайындауымен 1998 жылы  «Атамұра» баспасынан басылып шыққан болатын. Кітап оқырмандар арасында үлкен қызығушылық туғызған еді.

Фатима Ғабитованың туғанына биыл 120 жыл толуына орай «Атамұра» баспасы бұл басылымды белгілі қоғам қайраткері, академик Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің «Қазақ әдебиеті» газетінің бірнеше нөмірінде жарияланған мақаласымен және ғалым, мәдениеттанушы Мұрат Мұхтарұлы Әуездің сыр-сұхбаттарымен, ҚР Орталық мемлекеттік архив материалдарынан алынған жаңа суреттермен толықтырып, қайта басып шығарды.

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.