+7 (727) 267-28-83

01.06.2023

Название:
1 маусым, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залында 1 маусым − балаларды қорғау күніне орай «Көкжиек - Горизонт» баспасынан шыққан 32 этностық ертегілер жинағының тұсаукесері және балаларға арналған музыкалық кеш өтеді
Дата:
01.06.2023
Расположение:

Описание

1 маусым, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залында 1 маусым − балаларды қорғау күніне орай «Көкжиек - Горизонт» баспасынан шыққан  «Я вам сказку расскажу. Сказки Казахстана» атты 32 этностық ертегілер жинағының тұсаукесері және балаларға арналған музыкалық кеш өтеді.

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы және «Көкжиек -Горизонт» кітап баспасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің басты міндеттерінің бірі өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатынына әрдайым назар аударады.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде ҚР Ұлттық кітапханасы мен «Көкжиек-Горизонт» баспа үйі Алматы қаласы әкімдігінің «Жан-сая» дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалары, этномәдени орталықтардың балалары, сондай-ақ ата-аналар мен оқушылар шақырылатын мәдени іс-шара ұйымдастырады.

Аталған іс-шарада этномәдени орталықтардың балаларының концерттік бағдарламасы, сондай-ақ «Я вам сказки расскажу. Сказки народов Казахстана» атты кітаптың тұсаукесері өтеді. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың ертегілерін қамтитын бұл жинақ балаға «көпұлттылық» ұғымын сезінуге, өскелең ұрпақты дәстүрлі рухани құндылықтарға тәрбиелеуге, толеранттылыққа тәрбиелеуге, патриотизмді қалыптастыруға өз үлесін қосуға көмектесуге арналған.

Бұл іс-шараның мақсаты-балалардың оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, әртүрлі ұлт пен дін адамын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сондай-ақ, балаларды қорғау күніне орай естелік сыйлықтар беріледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің білім және мәдениет басқармасы, жалпы білім беретін мектептер мен кітапханалар, «Дағдарыс орталығы» КММ өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.