+7 (727) 267-28-83

31.01.2023 - 07.02.2023

Название:
7 ақпан, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының 1-қабатындағы фойеде «Азияның шығармашылық Чехиясы» бірлестігінің резиденті халықаралық заманауи өнер өкілі Қанат Бөкежановтың «Әлемді қабылдау» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтеді.
Дата:
31.01.2023 - 07.02.2023
Расположение:

Описание

7 ақпан, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының 1-қабатындағы фойеде «Азияның шығармашылық Чехиясы» бірлестігінің резиденті халықаралық заманауи өнер өкілі Қанат Бөкежановтың «Әлемді қабылдау» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтеді.

Қанат Бөкежанов − жазушы әрі суретші. Солтүстік Кипрдің Art Nouveau мұражайының халықаралық «Күміс кілт» сыйлығының иегері. Қазақ суретшісі Ғани Баяновтың шеберханасында білім алған. Ол жазу мен сурет салуды реттелген ойлаудың әртүрлі формалары деп санайды. Көптеген жылдар бойы ноосфераға арналған суреттер салды. Өмірдің бұл маңызды, көрмесіз кезеңі еркіндік пен тәуелсіздікке тәрбиелеу үшін қажет болды.

Қ. Бөкежанов резиденция шеберханаларында жұмыс нәтижелері бойынша «ALA ART» көркем резиденциясының ашылуына арналған ұжымдық көрмеге қатысты (Алматы, 5 маусым 2021 ж.). Халықаралық куратор Дина Байтасова  Солтүстік Кипрдің Art Nouveau мұражайының арт-резиденциясында төрт айлық жұмыс нәтижесі бойынша (2020 жылдың 2 шілдесі, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Лефкоса) өткізген екі жеке көрмесінде, 105 картинасы Солтүстік Кипр мұражайына тиісті келісім-шарттармен сертификат ұсыныла отырып,  жоспарға алынды. Көрмелер «Күміс кілт» мұражайының сыйлығымен марапатталды. Қ. Бөкежановтың Алматыдағы Dom Q театрында тұрақты өтетін жеке көрмесі бар.

«Kaz art» студиясы Қанат Бөкежановтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Суретші Қанат Бөкежановтың шығармашылығы» атты деректі фильм түсірді. Фильм Qazaq TV арнасында бес тілде көрсетіледі. Суретші Қанат Бөкежановтың Ковид-19, Кипр мұражайының құлауы кезінде жасалған өнер туындылары отандық және шетелдік баспасөз басылымдарында көркемдік белсенділік танытып, аталып өтілді.

Қатысушылар: суретшілер, студенттер, кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары.