TELEPHONE FOR INFORMATION: +7 (727) 267-28-83

30.01.2023 - 03.02.2023

Title:
3 ақпан,  сағат  11.00-де  ҚР  Ұлттық  кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында тарих ғылымдарының докторы,  профессор Г.К. Көкебаеваның «Талқыға түскен тағдыр: түркістандық соғыс тұтқындары» атты монографиясының тұсаукесері өтеді.
Date:
30.01.2023 - 03.02.2023
Location:

Description

3 ақпан,  сағат  11.00-де  ҚР  Ұлттық  кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында тарих ғылымдарының докторы,  профессор Г.К. Көкебаеваның «Талқыға түскен тағдыр: түркістандық соғыс тұтқындары» атты монографиясының тұсаукесері өтеді.

Бұл еңбек – Германияның Түркістанға қатысты саясатын талдауға және түркістандық соғыс тұтқындарының тағдырын анықтауға арналған алғашқы кешенді зерттеу. Монографияда екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен түркістандықтардың тарихы соғысушы мемлекеттердің соғыс тұтқындарын ұстаудың халықаралық-құқықтық нормаларын бұзуы тұрғысынан зерттелген. Тұтқынға түскен түркістандықтардың саны қанша? Тұтқында қаза тапқан түркістандықтардың саны қанша? Үшінші Рейх идеологтары жасаған халықтар «иерархиясында» түркістандықтар қандай орында болды? Бұл сұрақтарға жауап неміс архивтерінде жатыр.

Монографияда Германия, Польша және Ресей архивтерінен жинақталған құжаттық деректер пайдаланылған. Архивтік құжаттардың басым бөлігі ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отыр.

Қатысушылар: тарихшылар, академиктер мен профессорлар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен оқушылар, кітапхана оқырмандары және т.б.