TELEPHONE FOR INFORMATION: +7 (727) 267-28-83

30.01.2023 - 02.02.2023

Title:
2 ақпан, сағат 10:30-да ҚР  Ұлттық  кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Ұлт рухын асқақтатқан басылым» атты республикалық конференция өтеді.
Date:
30.01.2023 - 02.02.2023
Location:

Description

2 ақпан, сағат 10:30-да ҚР  Ұлттық  кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Ұлт рухын асқақтатқан басылым» атты республикалық конференция өтеді.

Шараның мақсаты – ХХ ғасыр басында қазақ халқының ұлттық мүддесінің, теңдік пен бостандыққа ұмтылған күресінің, тарихы мен мәдениетінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің айнасы болған «Қазақ» газетінің тарихын, оның бастауында тұрған Алаш арыстарының шығармашылық мұрасын насихаттау.

Модераторы – Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі, әкімнің кеңесшісі, әдебиеттанушы, ғалым Мамай Ахетов.

Баяндамашылар – Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, ахметтанушы Райхан Имаханбет; филология ғылымдарының докторы; профессор Бағдан Момынова; тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлова; әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым; «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай.

 «Қазақ» газетінің 1913-1918 жылдардағы топтамасы араб әліпбиінен қазіргі жазу үлгісіне көшіріліп, толық күйінде жарық көрген кітаптарды «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес таныстырады.

Конференция аясында «Қазақ» газетіне – 110 жыл» мерекелік медалімен және Алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтеді.

Шараға Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан журналистер академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы Сағымбай Қозыбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелді сияқты зиялы қауым өкілдері, алаштанушылар, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен БАҚ өкілдері қатысады.