TELEPHONE FOR INFORMATION: +7 (727) 267-28-83

23.01.2023 - 25.01.2023

Title:
25 қаңтар, сағат 12.00-де Әлем әдебиеті залындағы Ресей кітап бұрышында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының ҚР Ұлттық кітапханасына жыл сайынғы кітаптарды сыйға тарту рәсімін өткізеді.
Date:
23.01.2023 - 25.01.2023
Location:

Description

книгу в подарок

25 қаңтар, сағат 12.00-де Әлем әдебиеті залындағы Ресей кітап бұрышында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі ҚР Ұлттық кітапханасына жыл сайынғы кітаптарды сыйға тарту рәсімін өткізеді.

Жыл сайынғы кітаптар жинағын дәстүрлі тапсыру 25 қаңтарда Ресей студенттерінің күні ретінде атап өтілетін «Татьяна күні» қарсаңында өтеді.

 Кітаптарды сыйға тарту шарасына Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының дипломаттары қатысады. Ұлттық кітапхана қорына Ресей тарихы мен мәдениеті туралы әдебиеттер, білім мен ғылымның түрлі салаларына қатысты ғылыми еңбектер беріледі.

Салтанатты рәсімге ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысады.