+7 (727) 267-28-83

22.11.2022 - 24.11.2022

Название:
ҚР Ұлттық кітапханасында 22-24 қараша аралығында Ресей кітап апталығы аясында Гюзель Яхина, Максим Замшев, Анна Эспарса, Анастасия Строкина және Олег Шишкин сияқты заманауи жазушылармен кездесу өтеді.
Дата:
22.11.2022 - 24.11.2022
Расположение:

Описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 2022 жылғы 22─24 қараша аралығындағы  «Литература России: вспоминаем классическую, открываем современную» атты Ресей кітап апталығы аясында Гюзель Яхина, Максим Замшев, Анна Эспарса, Анастасия Строкина және Олег Шишкин сияқты заманауи жазушылармен кездесу өтеді. Ресей кітап апталығын ҚР Ұлттық кітапханасының, «Аударма институты» АКҰ, Алматы қаласындағы Ресей Ынтымақтастық өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

22 қарашада сағат 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залда бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерімен Ресей кітап апталығы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер: Евгений Резниченко, АКҰ «Аударма институты» директоры;  Алматы қаласындағы Ресей Ынтымақтастық өкілдігінің басшысы Татьяна Барышникова; Гузель Яхина, Максим Замшев, Анна Эспарса, Анастасия Строкина, Олег Шишкин.     

24 қарашада сағат 17.00-де Үлкен залда танымалі орыс жазушылары: Гюзель Яхина, Анастасия Строкина, Олег Шишкин және  Анна Эспарсамен шығармашылық кездесу өтеді; Кездесу зияткерлік стендап форматында өтеді, іс-шараға қатысушылар жазушылармен бейресми жағдайда сөйлесе алады, олардың шығармашылық жолдары мен болашаққа арналған әдеби жоспарлары туралы біле алады, сондай-ақ оларды қызықтыратын сұрақтар қоя алады. Кездесуден кейін әйгілі генерал, данышпан ақын және ХХ ғасырдың ұлы екі балеринасының «жалқаулар» тарихын біріктірген бірегей үйдің деректі тарихын баяндайтын Анна Эспарсаның «Тайна московского особняка» атты қысқаметражды фильмі көрсетіледі.

Кітапхана фойесінде «Орыс әдебиеті: классиктер мен замандастар» атты авторлық көрме қойылады.

Гузель Яхина – ресейлік жазушы, ол сериал форматында экрандалған «Зулейха открывает глаза» романының арқасында танымал болды. Кейінірек «Дети мои» және «Эшелон на Самарканд» романдарын жарыққа шығарды. Ресей Федерациясы Үкіметінің мәдениет саласының  және «Ясная Поляна», «Большая книга» сыйлықтарының лауреаты.

Максим Замшев – ақын, прозашы, сыншы, аудармашы. Он поэтикалық және  төрт прозалық  кітаптарының авторы. Ресей жазушылар Одағының Мәскеу қалалық ұйымының басқарма төрағасы, Ресей журналистер Одағының мүшесі, «Литературная газета» газетінің бас редакторы.

Анна Эспарса – тарихшы, мәдениеттанушы, Мәскеу мұражайларындағы интерактивті тарихи дәрістердің авторы, деректі фильмдер мен пьесалардың режиссері және актрисасы. Деректі телевизиялық жобалардың бас редакторы, бірлескен авторы, тарихи кеңесші. Бүкілресейлік балалар мен жасөспірімдер шығармашылық фестивалінің әдебиет және медиа бойынша қазылар алқасының төрағасы.

Анастасия Строкина – балалар жазушысы, ақын, аудармашы. Мәскеу жазушылар Одағының мүшесі, «Мастера литературного перевода» гильдиясының мүшесі. Анастасия Строкинаның өлеңдері, прозалары мен аудармалары көптеген ресейлік және шетелдік журналдарда жарық көрген. Автордың шығармалары ағылшын, серб, эстон, неміс, итальян тілдеріне аударылған.

Олег Шишкин – жазушы, драматург, сценарист, өнер сыншысы, журналист және тележүргізуші. «Мосфильм» киностудиясында, «Сегодня» газетінде, «Эхо Москвы»  радиостанциясында, «ТВ-6» телеарнасында жұмыс істеді. Оның мақалалары  «Огонек», «Итоги» журналдарында, «Совершенно секретно», «Оракул» газеттерінде жарық көрді. Қазіргі заманғы өнер, фотосурет, буддизм және кеңестік құпия қоғамдарға арналған бес жүзден астам мақалаларының авторы. Деректі фильмдер қойылымының авторы, тележүргізуші.

Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз!