+7 (727) 267-28-83

30.09.2022 - 04.10.2022

Название:
4 қазан, 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, ұстаз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Шәмшабану Хамзақызының «Шамшырақ» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
Дата:
30.09.2022 - 04.10.2022
Расположение:

Описание

4 қазан, 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, ұстаз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Шәмшабану Хамзақызының «Шамшырақ» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

«Шамшырақ»» кітабына автордың бұрын жарияланбаған мақалалары, естеліктері, ой-толғаулары, сұхбаттары, балаларға арналған шығармалары және ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мақалалар енген. Кітап арқылы оқырмандар ұлағатты ұстаз, қадірлі қаламгер, аяулы жар, ардақты ана Шәмшабану Хамзақызының рухани әлеміне бойлап, тұлғалар өмірі және шығармашылығы, қазақы құндылықтар мен ұлттық тәрбие жайында тағылымы мол мәліметтермен таныса алады.

Қатысушылар: Қазақстан Жазушылар одағының басшылары, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері және т.б.