+7 (727) 267-28-83

20.09.2022 - 27.09.2022

Название:
27 қыркүйек, сағат 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залда «DIOR МУЗАСЫ: Шанхайға оралуы» кітабының тұсаукесері өтеді.
Дата:
20.09.2022 - 27.09.2022
Расположение:

Описание

27 қыркүйек, сағат 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залда «DIOR МУЗАСЫ: Шанхайға оралуы» кітабының тұсаукесері өтеді.

Экономика ғылымдарының докторы, дипломат Берлин Иришевтің әйгілі Кристиан Диордың музасы, аты аңызға айналған париждік манекенші, этникалық қазақ қызы Алла Елшінге арналған «A Pearl of the Orient at DIOR» атты кітабы жарыққа шықты. Алғаш рет «Диор музасы. Алла Ильчун хикаясы: адам әлемін жаулаған қазақ қызы» атты кітабы 2019 жылы  орыс тілінде жарық көрген. 2022 жылы қытай тіліне аударылып, Бейжіңдегі ең ірі «Citic Press Corporation» баспасында басылып шықты.

Қаны қазақ француз моделі туралы кітаптың шығуы 1,5 миллиард халқы бар  Қытайда ерекше бағаға ие. Алла Қуантханның әкесі, қызы  Алланы 1936 жылы Парижге Шанхай портында шығарып саларда, оны Шанхайға Шығыстың інжу-маржаны –  сән жұлдызы болып «қайтып оралады» деп ойлаған жоқ.

Бұл Франциядағы Қазақстандықтар қауымдастығы зеттеу тобының арқасында 86 жылдан кейін орын алды. Алматыда, Мәскеуде, Парижде және Бейжіңде деректі фильм шығарылып, кітаптар жарық көрді. Кітапта модельдің жеке басын ашатын, оның өмірі мен шығармашылық жолы туралы сыр шертетін мұрағаттық құжаттар жинақталған: отбасылық мұрағаттағы сирек фотосуреттер, жалғыз ұлы туралы естеліктер, сән тарихшыларының пікірлері, сондай-ақ халықаралық өнертанушы ғалымдардың сараптамалық пікірлері. Алланың тарихы мен тұлғасы әлемдік тұғырға қайта оралды.

Алда Австралиядан бастап Жапонияға дейінгі әлемнің түрлі жерлерінде жаңашылдықтар күтіп тұр. Алланың «Диор» және «Ив Сен-Лоран» командасының құрамындағы сапары әлі күнге дейін олардың есінде. Автор ұсынып отырған кітапта бір ғана кейіпкердің тағдырын қамтып қана қоймай, ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалардағы әйелдердің рөлі мен қосқан үлесін ашып көрсеткен.