TELEPHONE FOR INFORMATION: +7 (727) 267-28-83

20.09.2022 - 23.09.2022

Title:
ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында 21-23 қыркүйек – «Алматы қаласындағы Корей киносының күндері» кинофестивалі өтеді
Date:
20.09.2022 - 23.09.2022
Location:

Description

Б А С П А С Ө З   Х А Б А Р Л А М А С Ы

ҚР Ұлттық кітапханасы,                                                                                                   

Алматы қ., Абай даңғылы, 14                                                 21-23 қыркүйек 2022 ж.

                                                                      

1-ші  қабат, Үлкен  зал                                                                                    сағ. 18:30  

2022 жылғы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай Алматы  қаласындағы «Корей апталығы» іс-шарасының аясында бірқатар мәдени шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. 2022 жылғы 17-18 қыркүйек – «Random Dance Tour». Шараны ұйымдастырушы: Корей Ұлттық туризм ұйымы. Іс-шара Алматы қ. Арбатта өтеді. 2022 жылғы 19-21 қыркүйек – «Корей өнімдерінің көрмесі». Шараны ұйымдастырушы: Корей Республикасы Бас консулдығының коммерциялық департаменті. Іс-шара «Rixos Almaty» (Grand Ballroom)  қонақ үйінде өтеді. 2022 жылғы 21-23 қыркүйек – «Алматы қаласындағы Корей киносының күндері» кинофестивалі. Шараны ұйымдастырушы: Алматы қаласындағы Корей Республикасының Бас консулдығы. Іс-шара Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтеді. Кіру тегін.

Кинофестивальдің мақсаты ─ қазақстандықтарды, Алматы қаласының тұрғындарын Кореяның мәдениетімен және киносымен таныстыру, екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу, сонымен қатар фильмдер арқылы корей халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен, тарихымен жақынырақ танысу.

21 қыркүйек – «Читающий по лицам» фильмінің көрсетілімі

Режиссері: Хан Чжэ Рим, Жанр: драма, өмірбаяндық, тарихи. Рөлдерде: Сон Кан Хо, Ли Джон Джэ, Ким Хе Су және т. б. Ұзақтығы: 140 мин.

Адамның бет-әлпетінде бүкіл ғалам жасырылады. Шалғайдағы орналасқан ауылда физиогномияны зерттеген Нагён есімді тамаша адам өмір сүрген. Ол адамның мінезі мен тағдырын жүзінен «оқып» білетін болған. Бір кисэннің ұсынысы бойынша ол Ханянг астанасына барып, сол жерде кибанеде, тағдырын бет әлпетіне қарап білгісі келетін адамдарды қабылдады. Жауыз ханзада Су Янның бастамасымен дайындалып жатқан алдағы төңкеріс туралы біліп, ол елді апаттан қорғауға тырысады.  22 қыркүйек – «Идеальный человек» фильмінің көрсетілімі Режиссері: Бен Су, жанр: драма, комедия. Рөлдерде: Чо Джин-ун, Соль Ген-гу және т.б.  Ұзақтығы: 116 мин. Бай заңгер және қарақшы. Оларды өмірдегі ең күтпеген оқиғалар күтуде. Ёнги есімді қарақшы керемет өмірді аңсап, джекпот жеңіп алуға тырысады. Бастығынан 500 мың доллар ұрлап, оларды акцияларға инвестициялайды, бірақ алаяқтардың айла-амалына бой алдырып, оның акциялары қарапайым қағазға айналады. Ол өз өмірін сақтап қалуға және осы 500 мың долларды қайтарып алуға тырысқанда, оның алдынан адвокат Чан-су пайда болады. 

23 қыркүйек – «Курсы английского языка компании Самджин» фильмінің көрсетілімі

Режиссері: Ли Чон пил, жанр: драма, комедия, детектив. Рөлдерде: Го А Сон, Ли Сом, Пак Хен Су және т. б. ұзақтығы: 110 мин.  Менің арманым-мансапшы болу. 1995 жыл. Менеджердің көмекшісіне дейін көтерілу үшін ағылшын тілінен болатын емтиханында 600-ден сәл жоғары балл алу қажет. Осылайша, компаниядағы төмен лауазымдарды атқарған барлық қызметкерлер бір жерге – емтиханға дайындық курстарына жиналды. Күндердің бір күні Чаен, ол жұмыс жасайтын  компаниясының зауыты қоршаған ортаға қара ағынды суларды шығаратынына куә болды. Ол екі әріптесімен бірге олардың компаниясының не жасырғанын анықтау мақсатында  маңызды дәлелдерді іздеуге кіріседі. Үш қызметкер жұмыстан шығарылу қаупімен тең  шайқас бастайды. Жекпе-жек ауыр болып көрінеді, бірақ...