+7 (727) 267-28-83

15.08.2022 - 16.08.2022

Название:
16 тамызда, сағ.16.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында «Тұлға болам» атты кітап оқу сайысының қорытындысы өтеді.
Дата:
15.08.2022 - 16.08.2022
Расположение:

Описание

16 тамызда, сағ.16.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында «Тұлға болам» атты кітап оқу сайысының қорытындысы өтеді.

«Шұғыла» қоры мен «Дария» дамыту орталығының ұйымдастыруымен, демеуші компаниялардың қолдауымен «Тұлға болам-3»  кітап оқу сайысы өтті.  Сайыста мектеп оқушыларының арасындағы ақпараттық қолдауды Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы жүзеге асырды. Сайысқа 4 оқушылар және 1 ересектер тобы қатысады. Əр топтың кітабы және жүлдесі бөлек. Сайысқа қатысушылар қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті классиктерінің кітаптарын оқудан жарысады. Олардың әрқайсысы 3 кезеңде 3 кітапты оқып бітіруі тиіс Әр кезеңнің соңында кітап бойынша онлайн тест тапсырады.

Сайыстың басты мақсаты жастардың кітап оқуға құштарлығын ояту, оқушылар арасында кітап оқу дағдысын қалыптастыру, әрі жандандыру. Сол арқылы төл құндылықтарымызды жастарға насихаттау. Сайысқа қатысу тегін. 3 кезеңнен тұратын сайыстың бірінші маусымына 50 мың, екінші және үшінші маусымдарына 100 мыңнан астам сайыскер тіркелді. Сайыстың басты жүлделері: Стамбулға саяхат, MacBook, iPad, Apple Watch жəне басқа да бағалы сыйлықтар. Өткен маусымның бас жүлдегеріне Нұр-Сұлтан қаласынан 1 бөлмелі пәтер берілді. Осы маусымның жүлделері: Стамбулға саяхат, MacBook, iPad, Apple Watch және ақшалай сыйлықтар. «Тұлға болам» атты кітап оқу сайысының 3 маусымының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне және сайыстың 4-ші маусымының презентациясына қонақ болуға шақырамыз. 4-ші маусымның басты сыйлығы — Алматы қаласынан пәтер.

Іс-шараға зиялы қауым, әдебиеттанушылар мен БАҚ өкілдері, мектеп ұстаздары мен шәкірттері  қатысады.