TELEPHONE FOR INFORMATION: +7 (727) 267-28-83

01.08.2022 - 10.08.2022

Title:
10 тамыз сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  Әдебиет академиясы залында 10-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталады.
Date:
01.08.2022 - 10.08.2022
Location:

Description

10 тамыз сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  Әдебиет академиясы залында 10-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталады.

Бұл курсты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Freedom Finance холдингі әзірледі – бұл «Freedom Finance Camp» балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру лагері.

Лагерьдің мақсаты – балаларға ақшаның не екенін, оның айналымын қалай жүргізу туралы, ақша табуды, үнемдеуді және тиімді жұмсауды қарапайым және түсінікті түрде түсіндіру. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары қор нарығы, бағалы қағаздар, сақтандыру, банктер және жылжымайтын мүлік дегеннің не екенінен ақпарат алады. Курс шығармашылық форматта және интерактивті ойындар арқылы өткізіледі.

Лагерь бағдарламасы 90 минуттық 5 сабақтан тұрады. Бесінші сабақта балалар кім болғылары келетіні және оған жету үшін не істеу керектігі туралы шағын жоба ұсынады.

Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен Freedom Finance Life компаниясының қаржылық сауаттылық курсын бітіргені туралы сертификат беріледі.

Баршаңызды шақырамыз!