+7 (727) 267-28-83

04.03.2021 - 05.03.2021

Название:
5 наурызда сағ. 11.00 - де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел өтеді.
Дата:
04.03.2021 - 05.03.2021
Расположение:

Описание

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

5 наурызда сағ. 11.00 - де ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел өтеді.

Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы. Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі тұлғасы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

Іс-шараның мақсаты: Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми-публицистикалық мұрасын тәуелсіздік жылдарындағы жарияланған тың мәліметтер негізінде зерделеу. XX ғасырдың басында құрылған «Алаш» партиясының Қазақстан тарихында алатын орны мен негізгі идеясына талдау жасау. «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясының қоғамдағы рөліне саяси-танымдық тұрғыдан бағамдау.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан және Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан Ә.Бөкейханның өмірі мен қызметіне, шығармашылығына арналған «Ұлттың ұлы көсемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Модератор: тарихшы, филология ғылымдарының кандидаты, PhD, әлихантанушы ғалым, халықаралық журналист Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы.       

Қатысушылар:  Қ.Ж. Иса, Б.С.Дүйсенбинов, Д.Қамзабекұлы, С.Жұмағұл, З.Қабылдинов, М.Қойгелдиев, А.Ісімақова, Т.Омарбеков, Б.Кәрібаев, Ғ.Әнес, Б.Қойшыбаев, Қ.Кемеңгер, С.Смагулова  және т.б.

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты іс-шараға келетін адамдар саны шектеулі.