+7 (727) 267-28-83

01.03.2021 - 02.03.2021

Название:
2 наурыз сағ. 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Алғыс айту күні қарсаңында еліміздегі медицина саласының қызметкерлері пандемия кезінде аянбай көрсеткен ерліктері мен ерен еңбектерінің құрметіне алғыс білдіру шарасы ұйымдастырылады.
Дата:
01.03.2021 - 02.03.2021
Расположение:

Описание

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2 наурыз сағ. 15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында мейірім мен ізгілік мерекесі – Алғыс айту күні қарсаңында еліміздегі медицина саласының қызметкерлері, жедел жәрдем жүргізушілері мен полиция қызметкерлерінің пандемия кезінде аянбай көрсеткен ерліктері мен ерен еңбектерінің құрметіне алғыс білдіру шарасы ұйымдастырылады.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Бұл мейірімділіктің, достық пен махаббаттың жарқын мерекесі.

Бүкіл әлемге төнген COVID-19 індеті өршіп, елімізде ұлт саулығы сынға түскен сәтте,  адам өмірі үшін арпалысып, уақытпен санаспай, өз антына адал дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерінің және  төзімділігі мен шыдамдылығы-мен  ерекшеленген полиция қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Бұл - айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

Алғыс айту күні барша отандастарымызға қызу белсенділік пен шыдамдылық  танытып, қолдау көрсеткендері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Іс-шараның мақсаты:  өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда өмір сүріп отырған ұлттар мен ұлыстардың өзара келісімі мен бауырлық қарым-қатынасын нығайту.

Модератор: ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасы «Жас қалам» клубының жетекшісі Мұратхан Шоқан.

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты іс-шараға

келетін адамдар саны шектеулі.