+7 (727) 267-28-83

24.02.2020 - 26.02.2020

Название:
26 ақпан, сағ 11.00-де Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты дөңгелек үстел өтеді.
Дата:
24.02.2020 - 26.02.2020
Расположение:

Описание

Баспасөз хабарламасы

2020 жылғы 26 ақпанда, сағ 11.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залда Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты дөңгелек үстел өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына жолдауында және «Ұлытау - 2019» халықаралық туристік форумында Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар жұмыс жасау керектігін атап өткен еді. «Туризмді дамытуға айрықша мән беріледі. Әсіресе экологиялық және этнотуризмге экономиканың маңызды бағыты ретінде көңіл бөлінуі тиіс. Алтын орданың 750 жылдығы туристердің назарын тарихымыз бен мәдениетімізге, жеріміздің табиғатына аудару тұрғысынан тойлануы керек», - деген мемлекет басшысы «Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру» қажеттігін айтты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - өскелең ұрпаққа  ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлы  даламызда орын алған тарихи оқиғалар мен Қазақ даласында осыдан сегіз ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орда мемлекетінің тарихын дәріптеп, таныстыру.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ақын жазушылар, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері, Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері және БАҚ өкілдері қатысады.