+7 (727) 267-28-83

сандарм

26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының облыстық, аудандық, ауылдық кітапханаларының мамандары және қор толықтырушыларымен «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер мен сандар» дерекқорының негізгі есебіне 2020 жылы кітапхана қорларына түскен құжаттардың саны, атаулары, тілдері және т.б. бойынша есепке алудың жаңа нысандарын түсіндіру бойынша онлайн-кездесу өткізді.

Толығырақ...  

Россия25 қаңтарда сағат 11:00-де Әлем әдебиеті залында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігінің ҚР Ұлттық кітапханасына жыл сайынғы дәстүрлі кітаптарды сыйға тарту рәсімі өтті.

Толығырақ...  

д

ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар қорынан белгілі қазақ домбырашысы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына «Қазақстанға 30 жыл» күйінің аудиотрансляциясы.⠀

Нұрпейісова Дина «Қазақстанға 30 жыл» күйі

Орынд. Дина Нұрпейісова (күйт., Ташкент: Мелодия, 1973)

Толығырақ...  

директора

22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова әр жылдары кітапхана басшысы қызметін атқарған Исахов Орынбасар Исахұлын және Балабекова Гулиса Кабаровнаны, сондай-ақ, кітапхананың дамуына үлес қосып, қолдау көрсетіп жүрген бірқатар төмендегі азаматтарды «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына 110 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады:

Толығырақ...  

юрий

21 қаңтарда жазушы, мәдениеттанушы, Қазақстан Пен-клубының мүшесі, 2010 және 2014 жылдардағы «Кіші проза» номинациясы бойынша «Орыс сыйлығының» лауреаты, АҚШ – тағы IWP 2017 Халықаралық жазу резиденциясының қатысушысы Юрий Серебрянский ҚР Ұлттық кітапханасының қорына өзінің жаңа: «Книга о вкусной и здоровой казахстанской литературе - Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет жайлы кітап» және «Девять историй. Сборник рассказов современных американских авторов» атты кітаптарын сыйға тартты.

 

Толығырақ...  

АсқарӘлібек

Ораз Жандосов атындағы оқу залында белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асылбайұлы Асқаровтың 70 жылдығына арналған «Алтайдың сырлы қаламгері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Толығырақ...  

Посол

20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Алматы қаласындағы Үндістан Елшілігі өкілдік кеңесінің консулы Амит Кумар Мирша, консулдың көмекшісі Ринку Джи Пандит жұмыс сапарымен келді.

Толығырақ...  

ebsco

20 қаңтардан 27 қаңтарға дейін EBSCO компаниясы Ресей мен ТМД елдерінің пайдаланушылары үшін вебинарлар сериясын бастады.

Толығырақ...