- Подробности
- Автор: editor
2022 жылғы 17 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасы Каталогизатор мектебі жұмысы аясында Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және аудандық кітапхана мамандарымен онлайн-семинар өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Өнер бөлімінің оқу залында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Бақытжан Байқадамовтың 105 жылдығына арналған «Кәсіби әннің шебері – Бақытжан Байқадамов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында қазақ жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, драматург, академик Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақ сөз өнерінің майталманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Жаңажол ауылында дүниеге келген. 1908-1910 жж. ауыл мектебінде, 1916-1918 жж. орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923-1926 жж. Орынбор жұмысшы факультетінде оқыған, 1927 жылы Омбыдағы Сібір ауылшаруашылық академиясының бір курсын бітірді.
- Подробности
- Автор: editor
Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғалымдар залында көрнекті ғалым, сыншы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Серік Смайылұлы Қирабаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Қазақ әдебиетінің сындарлы сыншысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қирабаев Серік Смайылұлы 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу ауылында дүниеге келген. 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1951 жылы институтты бітіргеннен кейін аспирантурада оқып, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор, «Әдебиет және өнер» журналында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
- Подробности
- Автор: editor
17 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда айтулы өнер иесі, күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай жарық көрген «Дина Нұрпейісова түркі әлемінің ұлы композиторы» атты қазақ-орыс, түрік-ағылшын тілдерінде жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
17 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасы Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, қазақ жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, драматург, академик Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған «Ғабит Мүсірепов – Ұлттық сөз өнері тарихы зор тұлға» атты әдеби-сазды кеш өткізді.
- Подробности
- Автор: editor
16 наурызда Әлем әдебиеті оқу залында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы Иран кітап бұрышына Алматы қаласы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының әдебиеттерді сыйға тарту рәсімі өтті.
- Подробности
- Автор: editor
14 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалымен бірлесіп, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінде «Құқықтық мәдениет – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың басты шарты» атты семинар өткізді.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.