+7 (727) 267-28-83

26май

29 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Алматы қаласының Әкімдігінің ұйымдастыруымен "1920-1950 жылдарда Қазақстанда орын алған саяси-қуғын сүргін - қайта оралған есімдер" тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ...  

Хабар

27 мамырда ҚР Ұлттық кітапханада кітапхананың 110 жылдық мерейтойына орай «Хабар» агенттігі Алматы филиалының директоры Хангельдина Қымбат Садықбекқызы бастаған «Хронограф - 2021» деректі фильмінің түсірілім тобымен кітапхана ұжымы арнайы кездесу өткізді.

Толығырақ...  

Макей

26 мамыр, сағ. 11.00-де  Н. Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы және «Мәкей Еркінбеков 1920-1940 жылдардағы ағарту ісінің ұйымдастырушысы» атты онлайн Республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Мәкей Еркінбековтің 125 жылдық мерейтойына орай режиссер Мұхтар Умаровтың «Мәкей төренің құпиясы» деректі фильмі мен жазушы Ілескен Әлбатырұлының «Мәңгілік елдің Мәкейі» кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

ққ

26 мамырда директордың Ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева және ҚР Ұлттық кітапханасының Мерзімді басылымдар қызметінің жетекшісі С.Т.Тұяқова Тыва Республикасы (Қызыл қаласы) А.С.Пушкин атындағы Ұлттық кітапхананың 90 жылдығына арналған "Ұлттық кітапхана: уақыт байланысы және даму векторы" атты халықаралық аймақаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты. 

Толығырақ...  

актандактар

«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында Саяси  қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған  «Ақтаңдақтар туралы ақиқат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

АА25 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының «Парасат жолы» орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызмет бағыттарын түсіндіруге арналған жиналыс өтті.

Толығырақ...  

ифла

25 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Орталық Азия бойынша ИФЛА/PAC орталығы, М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы, ТМД және Шығыс Еуропа үшін IFLA/PAC орталығы «Кітаптардың биозақымдалуы: алдын алу, айқындау, өңдеу және қорғау әдістері» атты халықаралық семинар өткізді. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті.

Толығырақ...  

БН

21 мамыр, сағ. 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залында белгілі кинотанушы, көрнекті ғалым, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз Бауыржан Нөгербектің өмірі мен шығармашылығына арналған «Кинотанушы Бауыржан Нөгербек» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Толығырақ...