+7 (727) 267-28-83

24 қаңтар - 2 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқитын дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының 4 курс студенттері тәжірибеден өтті.

Толығырақ...  

 DSC0572

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 01.09.2021 ж. бастап күнтізбелік оқу жылына дуалды  білім беру туралы шарт жасасты.

Толығырақ...  

эмблема А. Байтурсынов

2022 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында О. Жандосов атындағы оқу залында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және оның әдеби шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

Россия

10 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының және Орыс үйінен ҚР Ұлттық кітапханасының Ресей кітап бұрышына кітаптарды сыйға тарту дәстүрлі рәсімі өтті.

Толығырақ...  

903

9 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залында «Оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі 1-курс студенттерінің қатысуымен «Абай жолы романына 80 жыл» атты әдеби іс-шара өтті.

Толығырақ...  

1111

4 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда көрнекті  қазақ ақыны, драматург, аудармашы, сазгер, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері  Исраил Сапарбаймен «Әйел – біздің тағдырымыз» атты кездесу кеші және ақынның «Имани гүлдің төркіні» кітабының тұсаукесері  өтті.

Толығырақ...  

комп

3 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Орталық мемлекеттік архив мекемесінің шығарған қазақ және орыс тіліндегі 8 аталым, 32 дана кітаптарды осы мекеменің басшысы С. Шілдебай сыйға тарту етті. Оқырман игілігіне жол тартқан бұл ғылыми кітаптар мемлекеттік архивтің жеке қорындағы құнды құжаттарды таныстыру, насихаттау, оларды ғылыми айналымға енгізуді мақсат тұтады. Бұл кітаптар зерттеушілер мен тарихқа қызығушылық танытқандарға арналған.

Толығырақ...  

2н

3 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастыруымен және ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған ұстаз, суретші, желтоқсан оқиғасының ардагері Қадығұлова Сара Қажымұратқызының «САРАНЫҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Толығырақ...