+7 (727) 267-28-83

daraҚР Ұлттық кітапханасы күйтабақтар қорынан "Дара тұлғалар дауысы" аудиотранслациясын ұсынады.

Толығырақ...  

karasoz

10 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Абай Құнанбайұлының «Қара сөздер» жинағының орыс тіліндегі жаңа аудармасының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

onl

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен 2020 жылдың 7 қараша күні сағат 11:00-де онлайн режімінде «Заманауи кітапхананың жаңа келбеті: оқу мәдениетін қалыптастырудың жаңа форматы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. 

Толығырақ...  

konseltad

6 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасына жұмыс сапарымен Тәжікстанның Алматы қаласындағы Бас консулы Баходур Назир келді. Сапар мақсаты - кітапханамен танысу, өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты орнату және дамыту. Сапар барысында кітапхана залдары мен әлем әдебиеті залында шет елдердің кітап бұрыштары бойынша экскурсия жүргізілді.

Толығырақ...  

kitap

5 қарашада Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кіріспе сөзімен қазақ тілінде жарық көрген Махатма Гандидің "Өмірім менің" және хинди тіліне аударылған "Қара сөздер" кітаптарын ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға тартты.

Толығырақ...  

katolog

4 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 215 кітапханашы мамандардың қатысуымен «Каталогизатор мектебі - On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-семинар өтті.

Толығырақ...  

цтк

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасы «A3, A2, A1 форматтағы кәсіби сканерлерде құжаттардың цифрлық көшірмесін жасау» тақырыбында онлайн-сабақты назарларыңызға ұсынады.

Толығырақ...  

москва

28-30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің мамандары М.И.Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы ТМД және Шығыс Европаға арналған сақтау және консервациялау бойынша ИФЛА орталығының ұйымдастырған «Кітап ескерткіштері сақталу аспектісінде» атты онлайн - Пәнаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясына қатысты. Қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің жетекшісі Б. Ш. Сәрсенбаева «Орталық Азия бойынша құжаттарды сақтау және консервациялау бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығының жұмыс тәжірибесі» баяндамасымен сөз сөйлеп, Орталықтың жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды.

Толығырақ...