- Подробности
- Автор: editor
18 қараша күні ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың кезекті жұмыс отырысы өз жұмысын жалғастырды.
- Подробности
- Автор: editor
Қазақстанның көрнекті кітапхана қайраткері Н.Қ.Дәулетованың туғанына 95 жыл толуына орай «2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» республикалық байқауы жеңімпаздары:
- Подробности
- Автор: editor
18 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың кезекті жұмыс отырысы және Қазақстанның көрнекті кітапхана қайраткері Н.Қ.Дәулетованың туғанына 95 жыл толуына орай «2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» республикалық байқауы өтті.
- Подробности
- Автор: editor
16 қарашада Н. Дәулетова атындағы залда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай жазушы, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Бейсенбай Сүлейменовтiң балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сырлы Әлем» таңдамалы жинағы, «Хан шатырдан – Күн шатырға саяхат!» тарихи-танымдық ертегі-романы, сонымен қатар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, түрлі-түсті безендірілген «Горилла-адам», «Туған күніңмен, Айтұмсық!» ертегі кітаптарының тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
15 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай «Қарасай» ЖШС баспасының директоры Асанбаев Болатбек Әбікенұлы өз баспасынан жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі 170 дана кітапты сыйға тартты.
- Подробности
- Автор: editor
12 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Ресей кітап бұрышы аясында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігінің бастамасымен режиссер Андрей Ким түсірген Павел Петрович Бажовтың ертегілері бойынша «Ящерка вернется» (2020 ж.) балалар көркем фильмінің көрсетілімі қойылды.
- Подробности
- Автор: editor
11-12 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары онлайн режимінде Ресей ұлттық кітапханасының «Обеспечение сохранности библиотечных фондов» конференциясына қатысты. «Қазақстандағы Мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру теориясы мен тәжірибесін дамытудың заманауи бағыттары» тақырыбымен қызмет жетекшісі, х.ғ.к. Б. Ш. Сәрсенбаева баяндама жасады.
- Подробности
- Автор: editor
11 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің көрнекті қайраткерлері – Б.А.Нұржанов, Б.І.Исенғалиев, Д.Ә.Бердәлиев, С.Х.Жаданов, Ж.Н.Нәдір, Ә.Б.Дербісәлі, Х.Р.Омаров және В.Х.Ғиззатов сынды дипломаттарды еске алуға арналған отырыс, сондай-ақ «Қазақстан дипломаттар бірлестігі» РҚБ мүшелерінің кітаптарын ҚР Ұлттық кітапханасының қорына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.