- Подробности
- Автор: editor
9-20 қаңтар аралығында С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары ҚР Ұлттық кітапханасы базасындағы Каталогизатор мектебі аясында іс-тәжірибелік оқудан өтті.
- Подробности
- Автор: editor
«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында Түркі өркениетін дамыту жылы аясында «Түркі өркениеті тарих беттерінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында этнограф-ғалым, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, «Музеология және ескерткіштану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Тәттігүл Қаратаеваның «Сыр-Арал этнографиясы» атты кітабының таныстырылымы өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Әлем әдебиеті залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 жылдық мерейтойына орай «Қасым-Жомарт Тоқаев – әлем таныған саясаткер, ғалым, дипломат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Өткірдің жүзі» атты салтанатты іс-шара өтті.
- Подробности
- Автор: editor
«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында қазақтың батыры, би және шешен, Кіші жүз қазақтары қозғалысының жетекшісі Сырым Датұлының 300 жылдығына арналған «Азаттықтың алғашқы сардары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
«Қазақстан кітаптары» қызметінің О.Жандосов атындағы оқу залында 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында белгілі жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіковке және оның шығармашылығына арналған «Суреткердің парасат биігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
13 қаңтар, сағат 11:00-де Н.Дәулетова атындағы залда мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдығына арналған «Өткірдің жүзі» атты кездесу кеші өтеді.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.