- Подробности
- Автор: editor
Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында облыстық «Сыр бойы» қоғамдық-саяси газетінің 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
«Өнер» бөлімінің оқу залында жырау, ақын Сүгір Бегендікұлының (1894-1974) 125 жылдығына арналған «Жыршылық өнер жүйрігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сүгір Бегендікұлы 1894 жылы Маңғыстауда дүниеге келген. Сүгірдің әкесі Меккеге екі рет барған қажы, діндар адам болған. Сүгір бала кезінде тоғыз жыл молдалардан дәріс алды. Әли Тауанның асына арналған жиында 27 жастағы Сүгір бүкіл елге әйгілі болды.
- Подробности
- Автор: editor
Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғалымдарға арналған залда кеңестік ғалым-биохимик, биохимиканың, молекулярлық биология және биотехнологияның негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Мұрат Әбенұлы Айтхожиннің 80 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұрат Әбітұлы Айтхожин 1939 жылы 29 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келген.
1962 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), 1962-1965 жж. Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірді.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 27 маусымда Н.Дәулетова атындағы залда «Мазмұндама» қоғамдық қорының ТОП-10 жобасының аясында жарық көрген Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлының «Көшбасшылық» және «Лидерство» атты жинақтарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараның модераторы «Ана тілі» газетінің бас редакторы, ҚР Президенті сыйлығының иегері Жанарбек Әшімжан болды.
- Подробности
- Автор: editor
2018 жылғы 21 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда Қазақстан кітапханалары басшыларының Жылсайынғы кеңесі өтті.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. К. Оспанова ашып, 2018 жылғы Қазақстандағы кітапхана ісінің жағдайы туралы баяндама жасады.
Кеңестің мақсаты республикадағы кітапхана саласының өзекті мәселелерін талқылау болды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасында кітапхана ісін дамыту тұжырымдамасының жобасымен, ҚР «Мәдениет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс»;
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 20 маусымда Ұлттық кітапханада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің ең жоғарғы лауазымды қызметін атқарғанына 30 жыл толуына орай Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі мен қызметіне арналған «Әлем таныған Елбасы» атты кітап көрмесі қойылды.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 19 маусымда Е.Тұрсынов залында “Ер Жәнібек ” халықаралық қоғамдық қоры және Қазақстан Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен белгілі ақын-жазушы, публицист, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлының “Алтын Аралдың Арғымақтары” атты шығармашылық кеші өтті.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 18 маусымда Н.Дәулетова атындағы залда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілетін қазақ әдебиетінің классигі, Абайтану ілімінің негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жастардың рухани дамуы және тарихқа баулу» атты әдеби кеш өтті.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.