- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 28 мамыр, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында дуалды білім беру жүйесінің негізінде кітапхана факультетінің студенттеріне арналған «Кәсібім – келешегім, мақтан тұтар» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – кітапхана ісі мамандарының тәжірибесін студенттерге жан-жақты таныстыру, білім алушылар арасында өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісу.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылдың 27-28 мамыр күндері ҚР Ұлттық кітапханасы директорының Ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева мен Ақпараттық ресурстар қызметінің Ұлттық әдебиеттерді ғылыми өңдеу тобының жетекшісі Ф.Қ. Бектурбекова С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Цифрлық дәуір: кітапханалық автоматтандырылған қызмет көрсету және кітапханалардағы жаңа мүмкіндіктер» атты 2 күндік семинар-тренинг өткізді.
ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары курс тыңдаушыларына отандық қолданбалы «Web-RABIS» бағдарламасының модульдарын, Құжаттарды ғылыми өңдеу және оның ерекшеліктерін (монография, көп томдық, нота, грампластинка, электрондық ресурстар, картографиялық/бейне басылымдар және т.б.);
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 24 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің «Тарихтан тағылым: ұлттық дәстүр және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Едіге батырдың 600 жылдығына орай арнайы кітап көрмесі қойылды.
Кітап көрмесінде Едіге батырдың ел есінде қалған ерліктері мен Едіге батыр жайында жазылған жырлардың нұсқалары қойылған.
Кітап көрмесін Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері мен Ұлттық кітапхана оқырмандары тамашалады.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 23 мамырда Қытай мәдениет және әдебиет залында «Қытай кестелеу өнері – рухани мәдениет құралы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қытайда кестелеу өнерінің мыңдаған жыл тарихы бар. Дәстүрлі кесте бұйымды ою-өрнек немесе сюжеттік сурет, жіптермен және иненің көмегімен қолмен жасалған басқа да материалдармен әшекейлеу деп аталады. Түрлі-түсті қытай кестелері жібекпен тігу сәнімен және түрлі өрнектермен ерекшеленеді. Өрнектер мен суреттер кездейсоқ емес.
- Подробности
- Автор: editor
«Өнер» бөлімінің оқу залында күйші-домбырашы Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалинаның (1939-1990) 70 жылдығына арналған «Үздік домбырашы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Алматы қаласының Әкімшілігінің жанындағы «Қоғамдың келісім» КММ этномәдени бірлестіктері өткізген жиналысы шеңберінде «Қазақстан этностары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Жиналысты Қазақстан Президентін сайлау алдындағы науқан аясында «Біздің таңдауымыз ̶ бірлік пен келісім» тақырыбында этномәдени бірлестік өткізді.
ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан этностары» кітап көрмесінде Қазақстан аумағында тұратын түрлі ұлттардың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы материалдар қойылды.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 18 мамыр, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ақын, Әлем Адамы Олжас Сүлейменовтің туған күніне орай шығармашылық кеші және «Молодые стихи», «Этимологияға кіріспе», Ермек Алдановтың «Олжас и Я» атты 3 бірдей кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараның модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев болды.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, Ұлттық кітапхана ұжымы атынан арнайы сыйлық табыстады.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.