- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 12 маусымда Н. Даулетова атындағы залда Солтүстік Каролина штатының Дэвидсон колледжінің ағылшын тілі профессоры Бренда Фланаганмен шығармашылық кездесу өтті.
Ол бүкіл әлемде өзінің әңгімелері мен өлеңдерінің ерекше театрландырылған тұсау кесерлерімен танымал. Қазіргі уақытта ол Солтүстік Каролинадағы Дэвидсон колледжінде жазушылық шеберліктен, Кариб және афроамерикандық әдебиетінен сабақ береді.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 12 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбденнің «АБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЦИВИЛИЗАЦИЯ» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарыққа шыққан кітабының тұсаукесері рәсімі өтті.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 6 маусымда әлем әдебиетті оқу залында "Ұлы орыс ақыны А. С. Пушкинге – 220 жыл" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. А. С. Пушкин - орыс әдеби, жаңа орыс әдебиетінің негізін қалаушы.
Орыс әдебиетінің басты дәстүрі ретінде оларға гуманизм, халық, реализм, азаматтық бекітілді. Оның поэзиясы - орыс және әлемдік әдебиеттегі үйлесімді әдемі өнердің жарқын үлгісі.
ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұсынылған кітап көрмесі: қазақ, орыс, ағылшын және т.б. тілдеріндегі үш бөлімнен тұрады.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 3 – 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында белгілі төкпе ақын Шынияз Шанайұлының 200 жылдығына орай өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылды.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 31 мамыр, сағат 11.00-де «Қазақстан кітаптары» оқу залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткер «Алаштың арда ұлы – Сұлтанбек Қожановтың» 125 жылдығына арналған кеш, сондай-ақ Ілияс Жансүгіровті, Сакен Сейфуллинді, Бейімбет Майлинді еске алуға арналған әдеби шолу өтті.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - жазықсыз құрбандарды еске алу, сталин режимінің дәуірі: аштық, жаппай репрессия, қудалау және зорлық, кінәсіз адамдарды мәжбүрлеп жер аудару.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 27-30 мамырында Ақпараттық ресурстар қызметі Шетел әдебиеттерін өңдеу тобының жетекшісі А.К. Несипбаева мен Жоғары дәрежелі, жоғары деңгейлі кітапханашысы К.Д. Авелбекова Талдыкорған қаласы С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Заманауи кітапханадағы басты бағыт-цифрландыру және халықаралық әмбебап ондық жіктеу жүйесінің дамуы» тақырыбындағы кітапханашылардың біліктілігін арттыру семинар-тренингінде 3 күндік оқу-үйрету дәріс-сабақтарын өткізді.
ҚР Ұлттық кітапхана мамандары курс тыңдаушыларына отандық қолданбалы «Web-RABIS» бағдарламасының «Кітап қорын толықтыру», «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап берілімі», «Оқырмандарды тіркеу» модульдарымен таныстыру,
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 30 мамыр, сағ. 11:00-де Әлем әдебиеті оқу залында "Парсы поэзиясының лирикасы" атты поэзиялық кеш өтті.
Іс-шараны Ұлттық кітапхана директорының орынбасары А.Х. Юсупова ашты. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, тіл ғылымының докторы А.Т. Хамраев «История развития персидской поэзии» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол парсы поэзиясының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін атап өтіп, парсы ақындарының: Фирдоуси, Саади, Хафиз Ширази, Руми және Омар Хайям шығармашылығын таныстырды.
- Подробности
- Автор: editor
2019 жылғы 30 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда «Ұлы Дала рухани мұрасы-ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды сақтау тірегі» атты Республикалық ғылыми-тәжірбиелік форум өтті.
Ғылыми-тәжірбиелік форумды ұйымдастырушы: Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы және ҚР Ұлттық кітапханасы.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.